Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3768 0 пікір 27 Ақпан, 2017 сағат 08:38

Мәскеуліктер Немцовты еске алды

Мәскеу мен басқа да ресейлік қалаларда осыдан екі жыл бұрын өлтірілген оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу маршы өтті.

Шеруге шыққандар Ресей астанасындағы Пушкин алаңына жиналып, одан соң Сахаров даңғылы бойымен жүріп өтті. "Белый счетчик" ұйымының соңғы мәліметі бойынша, акцияға 15 мыңға жуық адам қатысқан.

Марш басталар бұрын ПАРНАС партиясының төрағасы Михаил Касьяновтың үстіне білгісіз біреу жасыл дәрі құйып кеткен. "Солидарность" қозғалысының директоры Константин Ершов ұсталды. Маршты ұйымдастырушылар шеру басталар қарсаңында бірнеше палатканы, украиналық жалауды тартып алғанын мәлімдеді.

Еске алу акциясының ұйымдастыру комитетіне "Солидарность", "Парнас", Прогресс партиясы, "Яблоко", "Открытая Россия", "Партия 5 декабря", Либертариандық партия, "Выбор России" және басқа да демократиялық күштер енді.

Оппозициялық саясаткер Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеу орталығындағы Үлкен Москворецк көпірінде атып кетті. Тергеу мәліметі бойынша, қылмысқа тапсырыс берген "Север" батальонының бұрынғы офицері Руслан Мухудинов. Оған сырттай айып тағылды, ол 2015 жылдың қарашасынан бері халықаралық іздеуде жүр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333