Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2922 0 пікір 17 Қыркүйек, 2010 сағат 08:23

«Казахстанская правда» ұжымындағы жағдай басылымның директорлар кеңесінің отырысында қаралады

Алматы. 17 қырқүйек. ҚазТАГ – «Казахстанская правда» республикалық газетінде қалыптасқан жағдай басылымның директорлар кеңесінің отырысында қаралады, деп хабарлайды АҚ басшылығы.

«Казахстанская правда» РГ» АҚ басшылығы жақында акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің отырысы өтіп, онда ұжымдағы жағдай қаралатынын хабарлайды», - делінген жұма күні ҚазТАГ-қа келген хатта.

Онда айтылғандай, «отырыстың қорытындысы бойынша ақпарат БАҚ-та жарияланады.

Бұрын хабарланғандай, бейсенбі күні интернет желісінде «Казахстанская правда» журналистерінің байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевке редакциядағы ішкі қақтығысқа араласуын сұрап жазған хаттары жарияланды.

Хатта айтылғандай, АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне А. Абдуллаев тағайындалғаннан кейін ұжымда «өте ауыр психологиялық атмосфера қалыптасты, осыған байланысты біздің басылымға артылған мемлекеттік маңыздағы міндеттерді шешуге мүмкіндіктер азайып барады», «ұжым бұзылды», - делінген хабарламада.

Журналистер А. Абдуллаев «қатал үкімшілікке, субъективизмге негізделген, диалогқа тырысудан жұрдай басқару» жүргізеді, «ұнамағандарды» қудалауға алып, ауыр дау мен ұрыстар тудырады» деп шағымданған.

Олардың айтуынша, АҚ басқарма төрағасы орынбасарының қызметінде «қызмет бабын асыра пайдалану және теріс мақсатта пайдалану» фактілері жеткілікті.

«Казахстанская правда» қызметкерлерінің пікірінше, мұндай жағдай ұжымда наразылық тудырды. Қазіргі уақытта газеттің 66 қызметкерінен кәсіподақ құрылды, дейді журналистер.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1343
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930