Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2605 0 пікір 20 Қыркүйек, 2010 сағат 06:20

«Атырау» футбол клубы маусым аяқталғанша таратылуы мүмкін

Алматы. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – «Атырау» футбол клубы Қазақстан премьер-лигасы командаларының арасындағы чемпионаттан шығып, маусымның соңына дейін таратылуы мүмкін, деп хабарлады спорттық журналистер одағы (СЖО).

Клубтың президенті Мереке Ісмұратов осындай мәлімдеме жасады.

«Атырау» биылғы чемпионатта бірінші алтылыққа кірсе де, сәтсіз өнер көрсетті. Сонымен қатар, клуб Еуропа Лигасының квалификациялық раундында венгриялық «Дьори ЭТО»-ға қарсы нашар ойнады. Мұнымен қоса, бұл матчта жаттықтырушылар штабы алаңға ойыннан шығарылған ойыншыны жіберген, осы әрекеттері үшін «Атырау» клубына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жарияланды.

Қазақстан футбол федерациясының Қадағалау-тәртіптік комитетінің (ҚТК) таяуда өткен отырысында ҚТК шешімдерін бірнеше рет орындамағаны үшін команданың үш ұпайы алынды. Жазамен келіспеген клуб басшылығы баспасөз-маслихатын жинап, ҚТК өз шешімін өзгертпесе, «Атырау» ФК чемпионаттан мерзімінен бұрын кететінін жария етті. Есесіне, М. Ісмұратовтың сөздеріне қарағанда, бұл үшін ҚТК жауапты болады, ал жергілікті билік командаға бөлетін қаражатты келесі жылы аймақтағы балалар футболының дамуына жұмсауға болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394