Алматы МҚС -ның БТА банктің міндеттерін қайта құрылымдау туралы шешімі РФ аумағында мойындалды
Алматы. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының «БТА Банк» АҚ міндеттерін қайта құрылымдау туралы шешімі Ресей Федерациясының аумағында мойындалды.Мәскеудің арбитраждық соты осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды БТА банкінің баспасөз қызметі.
«Алматы қаласының мамандандырылған сотының 2009 жылдың 16 қазанында БТА банктің қаржылық қарызын қайта құрылымдау туралы ісі бойынша шығарған шешімі РФ аумағында мойындалды. 2010 жылдың 14 қыркүйегінде Мәскеудің арбитраждық соты осындай шешім шығарды, - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада.
Соттың бұл шешімі GoldmanSachs –тің міндеттерді орындау және РФ-да рубль түрінде шығарылған облигациялар бойынша төлем жасау бойынша банкке қарсы шағымын қорытындылады.
«БТА банк ресейлік соттың бұл шешімін ұстанымды және ақырғы шешім ретінде бағалап отыр, өйткені Мәскеудің арбитраждық соты БТА банктің талабын Мәскеу округының федералдық арбитраждық сотының іс бойынша бірінші шешімі жоққа шығарылғаннан кейін екінші мәрте қарастырды …Осылайша, Мәскеу қаласының арбитраждық сотының шешімі РФ аумағында БТА банкінің қарызын қайта құрылымдау нәтижесіне қарсы шығу әрекеттерін жоққа шығарады», - делінген жарияланған хабарламада.

БТА банк активтерінің көлемі бойынша қазақстандық банк жүйесінде үшінші орында. ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылдың 1 тамызында банктің активтері Т1,76 трлн, жеке капиталының дефициті Т1,63 трлн құрады. Аталған кезеңде банктің таза шығыны Т75,7 млрд болды. 2009 жылдың 2 ақпанында банк акцияларының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының пайдасына мәжбүрлі эмиссиясы туралы жарияланды. 2009 жылдың 20 сәуірінде банк өз кредиторларына негізгі қарыз бойынша төлемдерді тоқтататынын және банктің сыртқы қарызын қайта құрылымдау жоспары туралы мәлім етті. 2010 жылдың 8 сәуірінде «БТА Банк» кредиторлар комитетімен қайта құрылымдау шарттары туралы келісімге қол қойды. 2009 жылы банк $4 млрд соманың міндеттемелерін өтеуге тиіс болатын. Қарыздар бойынша дисконт 60-82,25% көлемінде жоспарланып отыр. Кредиторлар банктің міндеттемелерін қайта құрылымдау жоспарын 2010 жылдың 28 мамырында қолдаған. 1 қырқүйекье банк сыртқы қарызын қайта құрылымдауды аяқтағанын жариялады.