Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5540 0 пікір 23 Қаңтар, 2017 сағат 10:20

"Астана процессі" басталды

Елордада Сириядағы жанжалдарға қатысты тараптардың отырысы басталды. Соғыс жүріп жатқан елдерді бітімгерлікке шақыратын бұл жиын "Астана процессі" деп аталады. Оған Қазақстан, Түркия, Ресей, Сирия және Иран делегациясы қатысуда. Шетелдік делегация өкілдері Астанаға келді. Оларды Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мырза қабылдады.

Сондай-ақ, аталған процесс жұмысын 300-ден астам шетелдік БАҚ азып, таратуда.

Ал осыған дейін Сириядағы саяси күштерді татуластыру мәселесі бойынша министр Әли Хайдар келіссөздердің төңірегіндегі атмосфера "жағымды емес" деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Сирия үкіметі Астанадағы кездесуге қатысуға келісім берді, сондай-ақ, Женева мен Мәскеудегі келіссөздерге қатысуға шешім қабылдаған. "Бұндай мәмімлелі жиындарға қатысуымыздың басты  себебі - "Дамаск диалогқа қарсы" деген түсінікті жоққа шығару болып табылады. Бірақ келіссөздердің нәтиже бере қоярына әл-әзір сене алмаймын", - дейді сириялық министр Әли Хайдар.

Міне, жаңа ғана ҚР СІМ бірінші орынбасары Роман Василенко баспасөз мәслихатын өткізді.

-Аталған жиынға Қазақстан қатыспайды. Біз тек Сирия ахуалын реттеуге бағытталған келіссөздерді өткізу үшін орын беріп отырмыз. Бұл Ресей және Түркия президенттерінің бастамасы бойынша өткізіліп отыр. Сондай-ақ, келіссөздерге АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Жон Кролл мырза да қатысуда. БҰҰ Сирия мәселелері жөніндегі өкілдері де бүгін Астанаға келді, - деді ол.

Сөйтіп, әлем халқын тұрақтылыққа үндеп жүрген Елбасы Назарбаевтың ықпалымен Сирия мәселесінің түйінін әлем саясаткерлері Елордада шешпек.

Айта кетейік, Түрия мен Ресей президенттері бастама көтергенімен, бүгін Астанада басталған жиынға бірде-бір елдің президенттері келмеген. Мысалы, Сирия делегациясын БҰҰ жанындағы өкілдер бастап келсе, Түркия өкілі ретінде ТР СІМ орынбасары келген.

Күткеніміздей Сириядағы 15 оппозициялық ұйымның басшылары да Астанадағы келіссөзге келді.

"Астана процесі" жиынан Нұргелді Әбдіғаниұлы 

Астана

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435