Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4501 0 пікір 6 Қаңтар, 2017 сағат 10:39

УАҚЫТША ТІРКЕУ ДАУЫ

Уақытша тіркеуге қатысты заңды Үкіметтің азаматтардың қауіпсіздік мәселесімен ұсынғаны анық. "Жағдай ушықсын, мына халықты қинайық" деген ниетпен жасалмағаны түсінікті. Бірақ, оны реттеу механизмі әбден сарапталмай, ситуацияны бақылауға алуға тырысып, тым асығыс қабылдай салғаны көрініп тұр.

Бұл саланың маманы емеспін, бірақ шетелде бір жарым жылға жуық уақыт тұрып жатқаныма байланысты мұндағы тәжірибені жазғым келеді. Әуелі, Британияда прописка жүйесі мүлде жоқ. Қайда тұрып жатқаныңызды дәлелдеу үшін жалға алу келісім-шартын, тіпті коммуналдық қызметі төлемін көрсетсеңіз де жеткілікті. Кім қайда тұрамын десе өз еркінде. Мемлекеттік органдарында қайда тұратыныңды дәлелдейтін құжат сұраған емес. Виза талабына сай шетел азаматы ретінде полиция тіркеуіне тұрғанымда үй адресін тек ауызша ғана айттым. Бірақ Британияда жалға алу мәселесі, тағы басқа болсын барлығы заңмен реттелген және орындалуы тиіс.

Бізде алдымен осы саланы ретке келтіріп алған жөн еді. Меніңше, тек полицияға тіркеумен шектелген барлығына тиімді болатын сынды, өйткені расымен де қонаққа келсе мейлі, ал сол қалада жұмыс істейтін болса онда оны есепке алу керек. Бұл заң қайта қарастырылатынына сенімдімін, себебі кімнің қайда тұрып жатқанын дәлелдеу өте қиын. Азаматтар қашып жүретін емес, өздері келіп тіркелетін ұсыныстар керек. Наразылықтың артқаны ешкімге де қажет емес. Осы елімізде заң орындалмайды деп қайта қайта жазушы едік, бұл уақытша тіркеу де қағаз жүзінде қалады деп сенейік!

Руслан Желдібай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364