Жұма, 22 Қараша 2024
Уақ-түйек... 7433 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 09:33

АЯЗ АТАНЫ ӘУЛИЕ ДЕП ОЙЛАЙМЫЗ...

Иман қалмай, иба қалмай адамда,

От боп тұрған, өрт боп тұрған заманда

Оу, Раббым! Қазағымды сақтай гөр,

Қол жайғызба қайырсыз бен жаманға!

 

Жүрсек-тағы талай отқа жанып біз,

Емеспіз ғой пәтуасыз, парықсыз.

«Елім-ай» деп екінші рет зарлатпа,

Әлі есі кірмей жүрген халықпыз.

 

Өзің оңда, әйтпесе біз оңбаймыз,

Жат мейрамды «Жаңа жыл» деп тойлаймыз.

Ұйқымыздан ояна алмай жүргесін,

Аяз-ата әулие деп ойлаймыз.

 

Оу, Раббым! Кітабым бар, ол – Құран,

Ата-дәстүр – сарқылмайтын мол мұрам.

«Ел иесі – тек қазақ деп бұл елде»,

Қашан ғана күмбірлейді домбырам.

 

26 желтоқсан, 2016 жыл

Мырзан Кенжебай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329