Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3320 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 13:29

ОҚО-да шаруалар жылды қорытындылады

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегі ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, биыл өңір диқандары 676 мың тонна (өткен жылмен салыстырғанда 95 мың тоннаға көп) өнім жинап, бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді деп хабарлайды Абай-ақпарат. Өнімнің жалпы көлемін орташа түсімділікке шақсаңыз, гектарына 26 центнер дәнді дақылдан келеді екен. Сонымен қатар, биылғы маусым шаруалардың өзге де өнімдерді көптеп өсіріп, жинауына қолайлы ахуал туғызып келді. Мәселен, осы маусымда жиналған көкөніс көлемі 109 мың тн. артып, 963 мың тн. болса, бақша өнімдері 30 мың тн. артып, 1 млн. 413 мың тн, картоп 22 мың тн. артып, 277 мың тн, жеміс-жидек 64 мың тн. артып, 126 мың тн, жүзім 22 мың тн. артып, 63 мың тонна болды.

Мұнан бөлек, соңғы үш жылда жерді жаңа әдіспен игеру жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы терең қопсыту технологиясы 86 мың га енгізілді. Бұған дейін тәжірибе жүзінде мақтадан орташа есеппен 26–27 ц/га. өнім алынса, терең қопсыту технологиясын енгізген шаруашылықтардан 40–45 цн/га. өнім алынуда. Аталған технологияның катты топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиімділігін ескере отырып, бұл технологияны басқа да дақылдар мен тәлімі жерлерге қолдану ұсынылуда.

ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл егін шаруашылығы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 мың га. артып, 788,6 мың га болды.

Орташа есеппен республика бойынша өндірілген мақтаның - 100 %, жүзімнің - 65 %, бақшаның - 66 %, мақсарының - 40 %, жеміс-жидектің - 31 %, көкөністің - 24 % Оңтүстік Қазақстан облысының еншісінде.

 Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375