Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5725 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 17:21

Майкене майын шығаратын зауыт тәулігіне 30 тонна өнім шығаратын болады

Оңтүстік Қазақстан облысында майкене майын шығаратын зауыт іске қосылып, алғашқы өнімін шығара бастады. Болашақта зауыт тәулігіне 30 тонна өнім шығаратын болады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Соңғы әлетте бұл өнімге авиация, ғарыш және косметика саласында сұраныс артып отыр. Медицинада да кеңінен қолданылатыны белгілі. Өте сирек кездесетін өнімді көптеп өндірген жағдайда жерде қалмасы анық.

Негізінен майкене өсімдігі өңірдегі Мақтаарал, Шардара, Арыс және Отырар аудандарында өсіріледі. Зауыттың өнімділігін арттыру үшін алдағы уақытта аталған өсімдікті молынан өсіру қажеттігі туындап отыр. Майкенеден сапалы май алу үшін көп уақыттан бері тынбай ізденіп, жан-жақты зерттеген мамандардың еңбегі жанды. Енді кәсіпорын тәулігіне 30 тонна өнім шығаратын болады. Бұл өсімдіктің құрамында 47-50 пайыз кеппейтін май болса, оның жаңа тұқымында 73-74 пайызға дейін жетеді. Өсімдік майы 310 градус ыстықта да қызбайды және 18 градусқа дейінгі суықта қатпайды.

Қазірдің өзінде отандық өнімді Ресейге тасымалдау жөнінде келісім жасалынып қойылды. Ал өндіріс көлемін ұлғайту үшін инвестор іздестіріліп жатыр. Кәсіпорын басшысы Кеңесбай Төреқұлов: «Біз енді бұл өндірісті ары қарай дамыту үшін өзіміздің жанымыздан косметиктерді, фармацевтерді шақырып, кішкене цех салсақ па деп отырмыз. Егер ол болатын болса, инвесторлар табылатын болса, сонымен айналысатын мамандар болатын болса, жұмыс көзі табылады ғой деп отырмыз». Алдағы уақытта аталған зауытта  50 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377