Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 5588 12 пікір 28 Наурыз, 2017 сағат 15:29

Академик Шарманов ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек белгілі академик Төрегелді Шармановтың сүт зауытында болды.

 

Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Бауыржан Байбек бүгінгі таңда, тіпті, одан денсаулыққа пайдалы шоколад та шығаратын бие сүтін қайта өңдейтін бірегей өндіріс желісінің жұмысымен танысты. Жалпы академик Шармановтың зауытында сүт өнімінің 30 түрі шығарылады екен.

 

Бұл тағамдар адам ағзасының жасаруына және оның ішіне қатерлі ісіктер де кіретін түрлі дертпен күресуге көмектеседі. Биылғы жылы 87 жасқа толатын Төрегелді Шармановтың ұзақ өмір сүруінің құпиясы да осы бие сүтін тұрақты қолданып жүргенінде екенін айта кеткен ләзім. Сондықтан да ғалым қазақстандықтарды дұрыс тамақтануға шақырады.

 

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары белгілі ғалымның бастамасына қолдау білдіріп, бүгінгі таңда тап осындай тағамның барлық әлемде сұранысқа ие екеніне тоқталды.

 

"Бұл шындығында да бәсекеге қабілетті және экспортқа негізделген өндіріс», - деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.

 

Abai.kz

 

 

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006