Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Адасқандар 14229 11 пікір 28 Наурыз, 2017 сағат 16:57

Қазақстандағы мұсылман гейлер: жыныс қалауы иманға бөгет емес

Қазақстандық режиссер Әсел Аушакимова Қазақстандағы мұсылман гейлердің ауыр тағдыры туралы кино түсіріпті.

Қазақтың жас жігіті таң намазын оқып алып, кәдімгі кеңседегі жұмысын істеп, кешке үйіне қайтады. Қолында неке жүзігі бар, тек үйінде жұбайы емес, сүйікті еркегі күтіп отыр. "Сталкер" кино мектебінің түлегі I'm tired ("Шаршадым") атты қысқа метрлі фильмінде мұсылман гейлердің тірлігін осылайша қарапайым әрі айқын баяндап берген. Фильм түрлі халықаралық кинофестивальдерде көрсетілмек. "Открытая Азия онлайн" серіктесі - Informburo.kz медиапорталының телшілері Әселмен неліктен осындай күрделі тақырыпты таңдағаны, ал діни конфессиялар өкілдерімен - күнә туралы сұхбаттасты.

"Өзім атеиспін, бірақ, барлық дінге құрметпен қараймын. Адам өзі қалаған нәрсеге сенуге қақы бар деп санаймын, - деп түсіндірді идеясын Әсел Аушакимова. - Ориентация да дәл солай. Бір жолы мұсылман гей туралы мақала оқығаннан кейін осы идея келді".

 

 

Әсел Қазақстандағы қалыптан тыс жыныстық қалауы бар адамдаркешуге мәжбүр екіжүзді тірлікті көрсетіп, бітеу жара: ЛГБТ өкілдері мен дін арасындағы қатынас мәселесін көтерді. Гей бола тұра мұсылман, католик, православ болуға бола ма? Алла, құдай алдында адамның бәрі тең бе, әлде теңнің де теңі бар ма?

МҰСЫЛМАН БИСЕКСУАЛ КЕЛІНШЕК

 

Авраам діндерінің ортодокс өкілдері бұл сұраққа үзілді-кесілді "Жоқ" деп жауап береді.

 

Исламның дәстүрлі ағымдары гомосексуал қатынасты харам деп, Лұт пайғамбардың елі туралы аңызды тілге тиек етеді:  "Лұт сол уақытта еліне: "Жер-жаһанда сендерге дейін ешкімнің істемеген арсыздықты істейсіңдер ме?" – деді. "Сендер әйелдерді қойып, еркектерге қызығып келесіңдер ме? Әрине, сендер шектен шыққан елсіңдер" (Құран 7:80-81)

 

Православ священниктері де адам екінің бірін - не гей болу, не құдайға жалбарынуды таңдауы керек дейді: "Кім де кім әйелмен жатқандай еркекпен жатса, екеуі де арам іс істегені: өлімге кесілсін, қаны өз мойнына жүктелсін", - делінеді Левит кітабының 20-тарауында.

 

Әйткенмен, қазақстандық мұсылмандар арасындағы ЛГБТ өкілдері иман келтіру және қалаған адамын сүю құқығын тең ұстағысы келеді. Әйгерім Тілеубаева - бисексуал. Сөйте тұра, иман келтірген мұсылман. Келіншек queer-мұсылмандықты ұстанады. Бұл қозғалыстың белсенділері бүкіл дүние жүзінде бар. Queer термині дәстүрлі үлгіге сай келмейтін кез-келген мінез-құлық және өздік үлгісін атау үшін қолданылады.

 

"Біріншіден, queer-мұсылмандық деген не: бұл - квирге бейімделген ислам, - дейді Әйгерім Тілеубаева. - Ислам Орталық Азиядағы (дүние жүзіндегі де) көп адамның өздігінің бір бөлігі, сондықтан, діннің бейімделуі - табиғи процесс".

 

Әйгерім бала кезінен исламға бет бұрған, ал қыздарды ұнататынын жасөспірім кезінде түсінді. "Бисексуалдығымды 12 жасымда сезіндім, ал мұсылмандықты ертерек, бірінші сынып оқып жүргенімде, ислам ғұрыптарын көргенде қабылдадым", - дейді Әйгерім.

 

Келіншек Құранды мұқият оқысақ, ерлер арасындағы гомосексуал қатынасты тікелей айыптау туралы сөз жоқ дейді. Ал әйелдер арасындағы қатынас туралы мүлде ештеңе айтылмайды - патриархалдық дінде әйелдердің сексуалдығы - жабық тақырып екенінен шығар.

 

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағы имамдар гомосексуалдық күнә екенін алға тартады, - дейді Әйгерім. - Жалпы, құдай алдында күнәхар екеніңді, сөйте тұра гомосексуалдық немесе бисексуалдық сенің болмысың екенін, құдай өзі сені сондай қылып жаратқанын түсініп өмір сүру қиын. ҚМДБ гомосексуалдық - харам деп ресми мәлімдеді. Алайда, квир-мұсылмандар Кұранның өзінде Лұт пайғамбардың әңгімесінен басқа гомосексуалдықты айыптайтын бір сөз жоқ екенін алға тартады. Ол әңгіменің өзінде ерлердің ғана гомосексуалдығы айтылады, ал әйелдердің гомосексуалдығы туралы бір ауыз сөз жоқ".

 

Әйгерім намазды үйінде оқиды, өзге мұсылмандармен жолықпайды да. "Әйел болған соң, маған мешітке бару міндет емес, парыз емес, намазды үйде оқимын. Мені айыптауы мүмкін мұсылмандармен кездеспеймін де. Ал достарым бұл ұстанымыма түсіністікпен қарайды, бәлкім, мені исламмен байланыстыра алмағандығынан шығар. Өйткені, мен орамал салмаймын, сыртқы атрибуттарды ұстанбаймын", - дейді Әйгерім.

"БҰЛ КҮНӘ"

 

ҚР митрополит округының қоғаммен байланыс жөніндегі өкілі Евгений Иванов гомосексуалдық және дін ұғымдарын байланыстыруға мүлде болмайды, ол күнә дейді. Оның ойынша, адамның сенімі мен моральдық тұрақтылығы одан қандай да бір құрбандықты талап етеді екен.

"Библияда отбасы қатынастарына қатысты бірнеше тиым бар: ойнас жасауға болмайды, қан араластыруға болмайды, - дейді Евгений Иванов. – Сондықтан, тиым көп екенін түсінуіміз керек және күнә мен адамды ажырамас бірлікте қарастыруға болмайды. Әр адам Құдаймен тілдесуге қақылы. Адам қылмыс жасап, түрмеге түссе де ол Құдайға сенуге, Құдайды сезінуге қақысы бар. Тек, қылмыс жасағанын түсінсе, сол қылмысына өкінсе ғана. "Тәубаға келу" деген бар. Адам күнәсін мойындамай, күнәні күнә деуден бас тартса, ондай адамның жөні басқа. Құдайға сенетін болсаң, діндегі айтылғанның бәрін ұстануың керек, өзіңе ыңғайлысын ғана таңдап қоя салуға болмайды".

Евгений Иванов

ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ДАУ

 

Қазақстандық ЛГБТ-белсенді Амир Шайкежанов Құран білгіріне сілтеме жасай отырып, қасиетті кітапта гомосексуалдықтан көрі, сексуалдық зорлық-зомбылық айтылады дейді.

Амир Шайкежанов

 

"Мааджид Наваз бір мақаласында мынандай қызық ой айтады: "Беделді Құран білгірі Әли әл-Қисаи Лұт пайғамбар әңгімесінде өзге еркектерді зорлайтын гетеросексуал еркектер туралы айтылады дейді. "Ән-Нұр сүресінде (Құран 24:31) "әйелдерді қажет етпейтін адамдар" аталады. Үзіндінің контексіне қарасақ, әйелдерге қызықпайтын адамдар туралы айтылғанын көреміз. Олардың арасында гейлер де болуы мүмкін. Осы ретте, Құранда ондай адамдар жаман деген бір де бір сөгісті көрмейміз. Мұхаммед пайғамбардың өзі mukhannath ("әйел сияқты") аталған еркектердің өміріне араласып, оларды өлтіруге жол бермеген".

 

Амир дін деген - әлеуметтік институт, әдет-ғұрып қана емес,  әркім өзі ішкі дүниесіне сай таңдайтын рухани құндылықтар деп есептейді. "Кез келген дін ең алдымен адам Құдайға  сенуін талап етеді. Бұған қарап, кез келген дінге адам кез келген ортадан келе алатынын түсінесің, - дейді Амир. - Иса пайғамбардың соңына ергендердің бірі - Мария Магдалена - оған дейін жеңіл жүрісті болған, алайда Исаны танып, тәубаға келген. Сондай-ақ, Мұхаммед пайғамбардың туған ағасы да ислам концепциясын бірден қабылдап, мойындай қоймағанын еске түсіруге болады. Осылайша, бойында сенімі бар әр адам кез келген дінді ұстануы мүмкін. Оның үстіне, айталық, Исламда, өзге де діндердегі сияқты, ішкі руханилыққа келу үшін бұрынғы ұстанымдардың жаңа интерпретациясын ұсынып, реформа жасауға ұмтылып жүрген ағымдар бар".

 

Даайи Абдулла имам гей екенін ашық жариялаған алғашқы имам болып танылған. Көптеген мұсылман көшбасшылары оны ашық сөгіп, тіпті кей жергілікті имамдар онымен амандасудан бас тартқан.

Имам Даайи Абдулла

2014 жылы Стокгольмде ирандық екі қыз, Сахар Муслих пен Марьям Иранфар "гейлердің имамы" атанып кеткен Людовик Мұхамед Захидтің алдына барып некесін қидырған.

 

Сексуалдық қалауы қалыпқа сыймайтындар Құдайға сену қақын жанталаса қорғағанымен, көбінесе, дін қызметкерлері оларды жамағаттан тыс қалдырып жатыр.

 

Мысалы, Сауд Арабиясы, Ауғанстан және басқа да бірқатар мұсылман елдерінде жыныстастар қатынасы өлімге лайық қылмыс саналады. Ал Мысырда ол үшін түрмеге түсуге болады.

 

Назгүл Қожабекова

theopenasia.net

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969