Сенбі, 23 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 5047 0 пікір 19 Маусым, 2015 сағат 19:39

EXPO-2017: БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОР ҰСТАЛДЫ

"Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz жаңалығы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"ЭКСПО"АҚ қызметкерлеріне қатысты 214 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі тергеу жұмыстары аясында басқарушы директор Баркинхоев қамауға алынды", - делінген агенттік хабарламасында.

"Агенттік Қарағанды облысы әкімдігінің бұрынғы басшысының 2 миллиард теңгеден астам, Алматы қаржы полициясының бұрынғы басшысы 48,1 миллиард ақша жымқырғанын анықтады. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басшыларының нақты қанша ақша жымқырғаны анықталып жатыр", - деп мәлімдеген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шіпекбаев, тексеріс жұмыстары құрылыстың жүруіне кедергі келтірмейді деп отыр.

Еске салсақ, 11 маусымда Талғат Ермегияев Мемлекет Басшысының Өкімімен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы қызметінен босатылды. Ермегияев қызметінен босатылғаннан екі күннен соң қамауға алынып, мүліктеріне тыйым салынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434