Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3728 0 пікір 19 Маусым, 2015 сағат 12:45

ЖАҚСЫБЕКОВ ЭКСПО-ДАН ЖАЛАҚЫ АЛМАЙДЫ

 

Астана қаласының әкімінің «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы қызметін қоса атқаруы ақысыз негізде жүзеге асырылады, яғни оған ол үшін жалақы және басқа да төлемдер мен сыйақылар төленбейді, бұл туралы Ult.kz сайты жазды.

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы өкілеттілігін жүзеге асыруына қатысты ұлттық компанияда былайша түсінік бердген:

«Әкім — жергілікті атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне жауапты Қазақстан президенті мен үкіметінің өкілі («Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан заңының 1 бабы). Әкім саяси мемлекеттік қызметші болып табылады.

Мемлекеттiк қызметшiнiң кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, егер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңда өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға құқығы жоқ («Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан заңының 10 бабы). Сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті лауазымды және өзге де адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге қызметпен айналысуға тыйым салынады («Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Заңының 10 бабы 1 тармағы. Осылайша, Астана қаласы әкімінің «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы өкілеттілігін қоса атқаруы тегін, ол үшін жалақы және басқа да төлемдер мен сыйақылар төленбей жүзеге асырылады»

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434