Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 3952 0 пікір 28 Қыркүйек, 2010 сағат 05:36

ҚР президенті Шымкентке жұмыс сапарымен барады

Шымкент. 28 қырқүйек. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Шымкентке ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен барады деп жоспарланған, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Түстен кейін мемлекет басшысы ОҚО облыс орталығына Тараздан келеді.

«Мемлекет басшысы қаланың орталығындағы Неке сарайын ашуға қатысып, бірқатар өнеркәсіп нысандарын аралайды деп жоспарланған», - деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аймақта президентке көрсету жоспарланған нысандардың қатарында қазір бұрынғы фосфор зауытының аумағында құрылып жатқан Шымкенттің индустриалды аймағы бар. Бұдан басқа, Н. Назарбаев «Оңтүстік» арнайы әлеуметтік экономикалық аймағында болып, биыл жазда елді индустрияландыру бағдарламасына арналған телекөпір барысында іске қосылған мақта өңдеуші екі кәсіпорынның жұмысымен танысады.

Бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні таңертең Н.Назарбаев Таразда бизнес-форумға қатысады, онда президентке аймақтың алдағы бес жылға даму бағдарламасы таныстырылады. Оның барысында шетелдік компаниялармен меморандумдарға қол қойылады.

СОндай-ақ, мемлекет басшысы Жаңатас металлургия зауытын, облыстың бірқатар әлеуметтік нысандарын аралайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2738
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1857