Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2947 1 пікір 17 Маусым, 2015 сағат 11:35

«ТІЛ МЕРЕЙІ» ШАРАСЫ ӨТЕДІ

Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылдың 24 маусымында  «Тіл мерейі» республикалық шарасын өткізеді.

 

Шараның мақсаты  мемлекеттік тілді тұрғындарға үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен  озық тәжірибелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру болып табылады.

Қостанай облысы Тілдерді оқыту орталығының базасында өтетін шараға әдіскер-ғалымдар, тіл мамандары, тіл үйренушілер, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушы әдіскерлері қатысады.

Шара барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары және әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, панорамалық сабақтармен қатар онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетеді.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401