АҚШ-ТА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУ НАУҚАНЫ 1 ЖЫЛ БҰРЫН БАСТАЛДЫ
АҚШ-та, 58 президентті сайлау келер жылдың 8 қарашасына жоспарлаған. «ru.euronews.com»-нің хабарлауынша, белгілі миллиардер Дональд Трамп өзінің президент постынан үміткер екенін ресми түрде хабарлады. Ол мәлімдемесінде: «Ханымдар мен мырзалар, Мен ресми түрде Құрама Штаттардың Президенттігіне үміткер боламын. Біз жаңадан өз мемлекетімізді ұлы ел етеміз», - деген. «Trump Organization» компаниясының президенті, белгілі жазушы Трамп сайлауға Республикашылар партиясы атынан түспекші.
АҚШ президенттігіне үміткер 12 тұлға арасында екі экс-президенттің туысқаны, Джеб Буш та бар. Ол өзінің үміткерлігін дүйсенбіде мәлім еткен.
Сауалнамаға сай, Дональд Трамптың танымалдылығы үміткерлер арасында алдыңғы орында. Ол билікке келген жағдайда елде көптеген жұмыс орындарының ашылатынына уәде беріп отыр.
Абай-ақпарат