Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 4587 0 пікір 14 Маусым, 2015 сағат 08:39

ҚАЗАҚҚА КӨЗ АЛАРТҚАНҒА ҚАЙТПЕК КЕРЕК?

 ...«Эхо Москвы» деген радиотораптың бас редакторы Алексей ВЕНЕДИКТОВ (СУРЕТТЕ) деген біреу саясат пен тарихтың иісі мұрынына бармаса да, Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: «Қазақстан латын әліпбиіне 2025 жылы көшеді. Ал, Солтүстік Қазақстан ше?» – деп күңкілдеп, запыран құсыпты...

Жұрт шулап кетті. Қазақ өре түрегелді. Бірақ, қазақ билігі құм жұтты, тағы да...

Тіпті, мұндай арандатушылықты - айуанның ісі деп те айта алмады. Айуаннан аумай қалған Венедиктов те топалаңнан тасаланып, сілекейі шұбырып, үнсіз қалды...

Ресейдегі новосібірлік Сергей СТЮАРД: «Не деген ақымақ, миы атала болып кеткен суми едің сен, Венедиктов?!.»– деп күйінді...

Сергей КРЕЙДЕР: «Солтүстік Қазақстан деген ел жоқ, Қазақстан мемлекеті мен оның таңдауы ғана бар» десе, біздің орысшыл алматылық жерлесіміз Максим СИВАКОВ: «Латын әліпбиіне қазақ тілі ғана көшеді, орыс тілінде кириллицаны пайдалануға ешкім тиым салмайды», - деп, ала қойды бөле қырыққысы келді...

Мұндай мыңқылбай әңгімелердің өріс алатын себебі, біздің бірбеткей де шешімді әрекеттен гөрі, әркімнің көңілін табуға ұмтылған солқылдақ сөзуарлығымыз деп ойлаймын. Тек, интернеттегі maks1102-нің: «Солтүстік Қазақстан - Қазақстан Республикасының бөлінбейтін біртұтас аймағы. Орыстардың басы ең алдымен Қиыр Шығыстың қытай тіліне көшіп кетпеуіне ауырсын!», – деген ұтымды сөзі ғана құйын-дауылдың бетін қайтарғандай болды, білем...

Иә, қадам бассаң, қазақтың жері мен еліне көз алартқан бір бұралқының құйрығын басып кетесің...

Іштегі қыз-қыз қайнаған алау-отты бұрын Қырғыз­станның Социал-демократиялық партиясының басшысы әрі ресми билікке оппозиционер ретінде танылған сая­сат­кер, бүгінде тәуелсіз Қырғызстанның тарихындағы төр­тінші президент, алпыс жасты алқымдаған абзал аза­мат Алмазбек АТАМБАЕВ бауырымыздың: “Қазақ­стан - Алтын Орданың тікелей мұрагері” - деп тура­сын айтып, белден бір-ақ кескен адуынды һәм ақи­қат сөзі ғана су сепкендей басып, көңілге медеу болғандай....

...Негізі, біз осы тым төзімді халықпыз. Әркім аузына кел­генін көпіріп, құсығын жұтса да, тырп ете қоймаймыз. Шыдам­ның да шегі бар, бұдан былай қазақ туралы қисық сөйлегендерді әтектеп тастаймыз-ау...

Алдымен, әлгі қазақтың адал асын ішіп, арам жуын­дысын төккен жирен Жирик қайда екен?..

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395