Айгүл Қоқаева. МЕН ҚАЛАЙ ҚАЗАҚ БОЛДЫМ?
Совет заманында Алматы маңында орналасқан Есік қаласы мен қатар жатқан ауылдарды мекендеген елдің басым бөлігі жер аударған неміс отбасылары болды. Қалған қауым ішінде орыстар басым еді, одан қалғаны қазақтар мен түріктер. Мен мектепті бітірген жылы 8 сыныптың 6-ы орыс сыныбы болды. Орыс тілі қазақ тілін ығыстырғаны сонша, қарт әжелерге дейін орысша сөйлейтін.
Есік қаласында
Бізге қазақ тілін білу қажет болмады. Сөйле деп ата-анамыз да мәжбүрлемеді. Кеңес кезінде орыс тілсіз балалары нан тауып жей алмайды деген ұғым терең қабылданып кеткен. Осындай жайттар салдарынан қазақ балаларының қазақ тілі тек тұрмыстық деңгейде ғана қалыптасып қалды.
Жоғарғы оқу орынына түскенде мен тілін мүлдем түсінбейтінімді аңғардым. Ал қазақ тілінде теледидардағы хабарламалар бөтен бір әуен сияқты көренеді екен. Түсінбегенімді мазақтаған қазақ курстастарыма мен ренжімейтінмін, «тіл деген не, кейін үйрене саламын» деп мен де оларға қосылып күлетінмін. Сүйтіп жүргенде тіл үйрену күнде ертеңге қала берді. Оқумды тамамдап та қалдым, бітірген соң Атырауға жолдама алдым.
Атырау қазақтары

1984 жылы тамыз айында мен жолдамамен Атырауға келдім. Орналасып, жайғасып, дүкенге нан, шәй, май алуға шықтым. Магазинге кіріп бірден орысшалап: «Дайте мне хлеба, масла, чаю» дедім. Менің айтқанымды сатушы елемеді. Мен дауысымды көтеріп, естімей қалды ма деп, қайталадым: «Дайте мне хлеба, масла, чаю.» Сатушы маған қарай басын бұрып, көзін алартып: «Н-Е-М-Е-Н-Е?!» дегенде мен ашуланып, дүкеннен шығып кеттім.
Екінші дүкенде мен қайтадан бірден: «Дайте мне хлеба, масла, чаю» дедім. Енді екінші сатушы көзін алартып: «Н-Е-М-Е-Н-Е?!» - дегенде, мен қайтадан далаға шығып кеттім. Бұл қала ерекше қала, ал қазақтары не шынымен орысшаны білмейді, не намысына тырысып қазақша сөйлейді деп ойладым. Үшінші дүкенге сол ойымды тексеру үшін кіріп, енді ақырын ғана: «Хлеба дайте», деп қана сұрадым. Бәрі келісіп алғандай тағыда: «Н-Е-М-Е-Н-Е?!» деген сөзін қайтадан, тек атыраулықтар қолданатын амалмен айтқан кезде, қазақша сөйлемесем аш қалатынымды түсіндім. Ақылға келіп, төртінші дүкенге кіріп: «Нан беріңізші» дедім.
Сол кезден бастап мен қазақша тілде үзбей сөйлейтін болдым. Атыраудың қазақтары орысын да, кәрсісін де қазаша сөйлетіпті. Қазақтың намысын, мендігін, елдігін сол Атыраудан көріп, мен батыр, намысшыл елдің баласы екеніне риза болдым.
Қазақтық қайдан келді?
Тілді жетілдіруде маған жақсы көмек еткен - қазақ тілінде сабақ беру тәжірибем болды. «Кім қазақша сабақ бере алады?» дегенде, «Мен!» деп, қазақша ақпараттық технологиялар пәндерін 1998 жылы кәзіргі Тұрар Рысқулов атындағы университетте оқыта бастадым. Дәрісті орысша жазып, қазақшаға аударып, жаттап, сабақты жүргізе бастағанда қазақ тілінің артикуляциясы орыс тілден ерекше екенін түсіндім. Сабақ аяқталғанда тілім ісіп, аузыма сыймайтын, алты сабақ жүргізсем, тілім салбырап, күрекпен жер қазғандай шаршап зорға үйге қайтатынмын. Бірақ, көп ұзамай, қазақшам жөнделіп кетті.
Тіл жөнделген соң нағыз қазақ болып шыға келдік - менің қазақтығым тілсіз бойымда сақталып жүр екен. Сонда қазақша сөйле демей, мәжбүрлемей, балаларының бойына қазақшалықты әнмен, күймен, салт-дәстүрімен, мақал-мәтелмен, тәрбиемен сіндіре берген әке-шешемнің еңбегін бағаладым. Оған қоса апа-атаның тәрбиесі, олардың еркелеткені, арқалап-жетектегені, туыстардың ықыласы, той-думандары, жер, көк, тау, дала - бәрі қазақшаны бойымызға сіндірді, сондықтан мен оп-оңай қазақтыққа қайта салдым. Осы жерде келген ой - барлық ұлтқа осындай қазақшалықты сіндіру жолдары ашық, сіңіру өз қолымызда, ол сіңіп те жатыр. Сондықтан да олардың көбі шет елге кеткенде жерін, елін сағынып, осы жерден ажырай алмай жатыр.
Кәзіргі жәйт.
Кәзір енді қазақша ән де, мақала да жазамын, қазақша жаңа сөз кездескенде, оны талдап, жаттап алу ісін әлі де жалғастырудамын. Бірақ мені қынжылтатын жәйт - ол сол дүкендерде істейтін біздің қаракөз қыздарымыздың бүгінгі күні қазақша сөйлемейтіні. Мен әдейі қазақша сұрап, қазақша сөйлеп тұрсам да, бой бермей маған орысша жауап қайтарады. Неге бүгін сол баяғы Кеңес дәуіріндегі әдісті қолдануға болмайды? Қазақтар кәзір барлық қарапайым қызмет ету саласында жұмыс істеп жатыр. Қазақтар қазақша сөйлемегендерге бір күн нан сатпай қойсын, ертең бәрі қазақшалап «нан беріңізші!» деп сызылып тұрады ғой. Тек қана қарапайым деңгейдегі сол қарапайым сөздерді талап етсе, қоғамның дауысы қазашаланып кетеді. Қазақтар нан сатып бермеді деп орысын іздесін, таппайды, үйткені бұл салада жалақы аз, амалсыздан бұл сала қазаққа қалды. Автобуста билет бермей қой, бұнда да қазақтар жүр, базарда зат сатпай қой! Ел болып, көшеде қазақша үнге үн қосып, қазақ тілге деген құрметті асырайық.
Түркияға барыңыз, Қытайға барыңыз, сол жердегі қарапайым елдің қарапайым тілін білмесеңіз, аш қаласыз. Бізде неге олай емес? Неге қарапайым ел өз тілін талап етпейді?
«Жас қазақ үні» газеті