ҰБТ ҰЛДЫ ҚЫЗҒА АЙНАЛДЫРЫП ЖІБЕРДІ
Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласында қызы үшін сынақ тапсырмақ болған жігітті бақылаушылар байқап қалды.
Жігіт қыз бала секілді киініп алған. Баян Уксикбаева деген әлеуметтік желі қолданушысы осы ақпаратты тарату кезінде «Тіпті жігіт қызға ұқсау үшін басына жасанды шаш киіп, аяғының жүніне дейін қырып тастаған. Енді оны қатты жазаламаса екен» дейді.
Infomburo.kz хабарлауынша, Мақтарал ауданының прокуроры Нұржан Боранбаев 1998 жылы туған сүйіктісі жасөспірімнің осындай қадамға барғанын растады.
Абай-ақпарат