Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5775 0 пікір 2 Маусым, 2015 сағат 14:45

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ЖЫЛДАМ ДАМЫҒАН ЕЛДЕР АРАСЫНДА 11-ШІ ОРЫНДА

 

Қазақстан 2015 жылғы экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдер тізімінде 11-ші орында. Bloomberg зерттеуінде Біздің елдің  жалпы ішкі өнімі 3%-дан асатыны көрсетілген деп хабарлайды ҚазТАГ.

 Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның алдында, ал Колумбия Қазақстаннан кейін тұр.

Bloomberg зерттеулеріне сай, 2015 жылы әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан Қытай экономикасы екені анықталды.

«Қытай экономикасы 7%-ға өседі (былтырғы IV тоқсанда ол көрсеткіш 7,3% болған)», — деп көрсетілген зерттеулерде.

Зерттеулерге сай ең дамушы елдер тізімінің екінші, үшінші орындарында Филипин мен Кения тұр.

Осы екі елдің де ЖІӨ өсуі келесі жылы 6%-дан асады. Сарапшылар мұнай бағасының арзандауынан ең басты пайда көруші бенефициар Филипин деп атап отыр.

Кенияға келсек, онда экономикалық өсім қарқынының артуымен қатар кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейі өте жоғары. Сондай-ақ, бірінші бестік тізіміне Үндістан мен Индонезия кіреді. Олардың ЖІӨ өсуі 5%-дан жоғары.

Атап көрсетілгендей, рейтингтегі алғашқы бестік елдері 2015 жылы әлем экономикасының өсуінің 16%-ын қамтамасыз етеді. Африканың ең ірі экономикаларының бірі – Нигерия – 2015 жылы 4,9%-ға өседі (ол тізімдегі 6-шы көрсеткіш).

Тез дамушы елдердің ондығына Малайзия, Перу, Тайланд және БАӘ енді. АҚШ экономикасы болжанған 3% ЖІӨ өсімімен дамушы экономикалар тізіміне енбей қалды.

Ұлыбритания экономикасы 2015 жылы 2,6% көрсетеді. Орташа алғанда әлем экономикасы 2015 жылы 3,2%, ал 2016 жылы –3,7%-ға өспек.

Алдыңғы екі жылда әлемдік ЖІӨ өсімі 3,3% болған. Bloomberg зерттеулерінде  барлығы 57 елдің экономикалары қамтылған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328