ҰЛАНДАР ӘНІ
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 50 болып жатқанда «Ұландар әні» аталған әскери жас өрендерге арналған бұл маршты тұңғыш рет Сарыөзек дивизиясының (Алматы облысы) солдаттары орындаған екен. Сөзін Жетісу өңіріне есімі мәлім болған марқұм әйгілі өлкетанушы-ғалым, ақын, шежіреші қарт Тәңірберген Қалилаханов (суретте) жазған.
Елтеріс батыр бабамыз,
Ел білге Ару анамыз.
Жерұйық іздеп ел кезген,
Асан қайғыдай данамыз.
Қайырмасы:
Асқарлы асу, құздармыз
Жауларға қаһаp, ызғармыз.
Қатер кеп төнсе халқыққа,
Қалқаны болар,
Қалқаны болар,
Қалқаны болар, біз бармыз.
Каһарман халық-қазақпыз,
Еркінбіз, енді азатпыз.
Тәуелсіз туған түлекпіз
Өмipге келген азапсыз.
Қайырмасы:
Сол ұлттың біздер ұланы,
Құратын жастар құрамы.
Тұлпарға мініп атойлап,
Қорғаны болу,
Қорғаны болу,
Қорғаны болу ұраны.
«Арыстан» батыр атымыз,
Қыран құс «құмай» затымыз.
Жауынгер болып жаралған,
Алаштың азаматымыз.
Қайырмасы:
Сақтана білу салтымыз,
Қамсызда болып халқымыз.
Қастандық қылса жауымыз,
Халықты қорғау,
Халықты қорғау,
Халықты қорғау антымыз.
Abai.kz