Сенбі, 23 Қараша 2024
Зерттеу 8786 0 пікір 29 Сәуір, 2015 сағат 12:10

ҚАЗАҚСТАН КӨЗҚАРАСТАР МЕН ИДЕЯЛАР АЙНАСЫНДА

Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің көптеген күнгей жағы бар, сондықтан қоғамдағы саяси мәселелерге сараптама жасай отырып, «басқаша» көзқараспен қарау да маңызды.

Белгілі саясаттанушы Андрей Чеботаревтың «Тәуелсіз Қазақстанның саяси ойы: динамика, идеялар, бағалау» кітабы жарық көргелі біраз болды.

Кітапта тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік құрылысына тікелей әсер еткен саяси күштер мен тұлғалардың идеяларына, көзқарасына, әлеуметтік-саяси платформаларына қызықты көзқарас берілген.

Мәселе - еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі саяси-идеялық мұра жөнінде. Сол кездегі идеялар күресі қалай жүрді, тұлғалар бір-біріне қалайша әсер етті деген сұрақтарға баға берілген, жан-жақты қарастырылған. Ел тәуелсіздігінің буынының қатаюына ат салысқан көптеген тұлғалардың еңбектері де қамтылған. Сонымен бірге туынды, саяси көзқарасына қарамай, биліктің «қара тізіміне» енген азаматтардың саяси тұғырнамасына өз тұрғысынан баға беруге тырысады. А.Сәрсенбайұлы, З.Нұрқаділов, Б. Әбілов, Е. Асанбаев және т.б. көзқарастары бүкпесіз жазылған. Мұның өзі феномен.

Сонымен бірге, бүгінгі биліктің де «ақ пен қарасы» жақсы ашылған...

Ғылыми- сараптама түрінде жазылған туындыда жоғарыда айтылған тұлғалардың саяси көзқарастарының өзгеруі, оның салдары, одан шығатын қорытындылар шебер беріліпті.

Кейінгі кездері саяси мемуаристика, саяси сараптама жанры ақсап қалғандығы белгілі. Бұл кітаптың құндылығы, осы «үлкен алаңды» толтыруға біраз болса да үлесін қосатын тәрізді.

Кітап саясаттанушыларға, әлеуметтанушыларға, сонымен қатар бүгінгі саясатқа қызығушылық танытатын барлық кітапсүйер қауымға арналған.

Автор А. Чеботаревқа бір ғана өтініш: осы кітаптың қазақша нұсқасын шығарса. Дегенмен, өте қызықты, көптеген біз білмейтін фактілер туындының құндылығын арттырып отыр. Автор өзінің осы бағыттағы шығармашылық ізденістерін жалғастыра, дамыта берсе екен дегім келеді.

Ерлан САИРОВ

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408