Жұма, 22 Қараша 2024
Саясат 9265 0 пікір 13 Сәуір, 2015 сағат 17:44

ҚАЗАҚСТАН – ҚЫТАЙ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОЛЫ

«Қазіргі және болашақ жобалар Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығын бекіте түседі» деп санайды белгілі саясаттанушы, шығыстанушы ғалым Константин Сыроежкин Күншығыстағы көршімен қарым-қатынасымыз туралы ойларымен бөлісе отырып. Отандық ақпарат агенттіктерінің сауалына жауап берген Сыроежкин мырзамен болған әңгіменің ұзын-ырғасы төмендегідей.

- Өткен жылы Президент «Нұрлы жол» бағдарламасын ұсынды. Қытайда да осындай бағдарлама бар. Басты идеясы түсінікті. Халыққа қандай жаңа мүмкіндіктер беруі мүмкін?

- Қытайда ұлттың қайта жаңғыруын қамтамасыз ететін «қытай арманы» деп аталатын өзінің ұлттық бағдарламасы бар. «Нұрлы жол» – көліктік инфрақұрылым мен қайта индустриялизациялау сияқты нақты міндеттердің жүзеге асырылуын қамтитын ұлттық бағдарлама. Ал бұл дегеніңіз – жаңа өндірістер, жаңа жұмыс орындары. Сондықтан, тактикалық тұрғыда біздің бағдарламамыз да, Қытайдың құжаты да көп жағдайда ұқсас.

- Бүгінде Қазақстан көліктік әлеуетін дамытуды белсенді жүргізіп келеді. Сіздіңше, тағы қандай перспективалы жобаларды қолға алуға болады?

- Перспективалы жобалар көп, бірақ, ең бастысы, бізге қазір экономиканың нақты секторы мен ауылшаруашылығына көңіл бөлген жөн. Ауылшаруашылығы бойынша бізде мықты бәсекеге шыдас беретін басымдық бар.

- Инфрақұрылымды инвестициялау Азия банкінің іске қосылуынан біздің ел қандай пайда көруі мүмкін?

- Банктік несиелерді жеңілдікпен алып, біздің мүддемізге сай келетін жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның осы банкті құрушы елдердің бірі болуының өзі басымдық әкеледі.

- Жібек жолының экономикалық белдеуі. Қазақстан экономикасының өсуіне бұл жобаның ықпалы қандай?

- Қазақстан – географиясы бойынша транзитті мемлекет. ЖЖЭБ шеңберіндегі барлық көлік бағыттары біздің территориямызбен өтеді. Біріншіден, Қытайдың мүддесін қазақстандық көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін пайдалануға мүмкіндік. Екіншіден, транзиттік дәліз үшін ақша. Үшіншіден, жаңа жұмыс орындары. Төртіншіден, Қытаймен ынтымақтастық салаларын кеңейту. ЖЖЭБ арқылы тек жол құрылысы саласында емес, экономиканың нақты секторында да ынтымақтастықты арттырамыз.

 

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295