Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6731 0 пікір 10 Сәуір, 2015 сағат 08:28

Жұмаш КӨКБӨРІ. «КЕҢЕСТЕН» ҚАЛҒАН ЖҰРНАҚТАЙ...

...Құр бөспе сөздер мәнерсіз,

Инабат, ұят, сәлемсіз...

Бұл ширек ғасыр еліміз,

Жай ғана аты «тәуелсіз».

Қазаққа олар өш еді,

Шаңдатқан қызыл көшені...

Бұл құлдар әлі істерін

Мәскеумен ғана шешеді.

«Қызылдар» отыр қайда да,

Жоспар мен ұран айнала.

Сол қызыл «кеңес» сияқты

Қып-қызыл шапқын айнала.

Мақтаншақ кілең өздері,

Лепірме қызыл сөздері...

Жолымен жүргіш Лениннің

Қызылдан қалған көздері.

Қазақты дайын қыруға,

Өлекселері де ұлуда...

70 жыл бізді қанаған

Қызылдар билік құруда.

Шетінен бәрі килікпе,

Шетінен қорқақ илікпе,

Жетпіс жыл бізді қанаған

Комсомол біткен билікте.

Бар жерге ұран жаяды,

Деме сен, оны аяды.

Қызылдың қызыл көзіндей,

Қып-қызыл басшы баяғы.

Шетінен қызыл әңгүдік,

Көкейде бітпес бар күдік.

Қазақты қайта орысқа

Құлдыққа бермек мәңгілік...

Қызылдар - кілең оңбаған,

Ұлты үшін титтей тоңбаған.

Құлдарға - Қазақ ешқашан

Тіпті де керек болмаған.

«Жеймін,- деп,- бәрін» - қылқылдар,

Қожайын айтса, былқылдар.

Аттары Қазақ болғанмен,

Мәскеудің құлы - бұл құлдар...

Басылмағандай «жыны» әлі,

Жүректе Ленин тұр әлі.

«Келмеске кетті» деп жүрген

Ол «Кеңес» - бізде тірі әлі.

Жонбаған титтей қырнап та ай,

Тек түгін жұлған сырмақтай,

«Қазақстандық» бұл билік –

«КЕҢЕСТЕН» қалған жұрнақтай...

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408