«Абай» шахтасының апатты учаскесін ашу мүмкін емес – мамандар
Қарағанды. 1 қазан. ҚазТАГ - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Абай» шахтасының апатты учаскесін ашу мүмкін емес. Украинаның тау өнеркәсібіндегі жұмыстың қауіпсіздігі жөніндегі Макеев мемлекеттік ҒЗИ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі бірінші орынбасары Петр Пашковский жұма күні баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді.
«Қазіргі уақытта лавада көмірдің шоғы қалды. Ондағы температура Цельсий бойынша 180 градус. Аз ғана ауа кірсе, өрт басталуы мүмкін, ол жерде метан болса, жарылыс болуы да ықтимал. Ашып көрсек, ауа кіреді. Қалыптасқан тау-техникалық жағдайларды ескерсек, қазіргі уақытта апатты учаскені ашу мүмкіндігі жоқ», - деді П. Пашковский. Көмірдің шоғы бір жыл бойы сөнбеуі мүмкін, деді ол.
Сондай-ақ, украиналық мамандар «Абай» шахтасындағы 32 К10-С лаваның апатты учаскесін оқшаулау туралы шешімнің дұрыс екенін қуаттады. Олардың айтуынша, бұл апатты оқшаулап, аз шығындармен шахта қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Макеев ҒЗИ-сінің сарапшылар комиссиясы 28 – 30қырқүйекте іс материалдарымен танысты. Украиналық мамандарды Қарағанды облысының прокуратурасы «Абай» шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша тәуелсіз сарапшылар ретінде шақырған болатын.

Оқиға орнын тексеру мүмкіндігінің жоқтығына байланысты прокуратура «тау және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша ақырғы қорытынды шығарудан бас тартып отыр.
«Алдын ала тергеу барысында қажет тергеу амалдары қолға алынды, бірақ іс бойынша ақырғы процессуалдық шешім шығарылған жоқ, өйткені лавадағы өрт әлі сөнбеген»- деп мәлім етті Қарағанды облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы бастығының міндеттерін атқарушы Қуат Бекзатов.
Бұрын хабарланғандай, 2008 жылдың 11 қаңтарында «Абай» шахтасында жарылыс болды. Апат салдарынан 30 адам қаза болып, 14 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Жер бетіне 9 кеншінің денесі көтерілді, 21 адам жанып жатқан лавада қалды. Қаза болғандардың туыстары осы күнге дейін лаваны ашуды талап етіп келді.
Істі тергеген комиссиялаваның апатты учаскесі 1жылдың ішінде ашылады деп уәде берген болатын.