Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4342 0 пікір 8 Сәуір, 2015 сағат 17:12

Шалғайдағы елді-мекен тұрғындары да ТҮҚЖБ-ден кеңестер ала-алады

Енді Қазақстанның шалғай аудандары мен ауылдарында орналасқан тұрғындар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметкерлерінен арнайы және жекелеген кеңестер алуға мүмкіндік туды.

Жуырда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметкерлері Қазақстанның шалғай орналасқан елді-мекендерін аралайтын "Менің Қазақстаным" арнайы пойызына қатысатын болды. "Осы ретте ТҮҚЖБ қзметкерлері шалғай жатқан елді-мекендерге, станциялар мен моно-қалаларды аралап, сол жердегі тұрғындармен кездесулер ұйымдастырады. "Менің Қазақстаным" арнайы қоғамдық-қайырымдлық пойызы аясында ТҮҚЖБ қызметкерлері барлығы 30 елді-мекенді аралайды деп жоспарлануда. "Менің Қазақстаным" қоғамдық-қайырымдылық пойызы баратын әр елді-мекенде арнайы орындар белгіленген. Сол жерлерде тұрғындарға жалпы және жекелеген кеңестер беріліп, Елбасының "Қол жетімді баспана 2020" бағдарламасы кеңінен түсіндіріледі", - дейді ТҮҚЖБ басқарушы директоры Ерулан Жамаубаев мырза. Сондай-ақ, банктің топ-менеджері 23 наурызда бастау алған "Менің Қазақстаным" пойызының маңыздылығын түсіндіре келе, аталмыш пойызда экономика саласынан өзге, министрліктердің өкілдері мен депутаттар, өнер майталмандары мен дәрігерлер, қаржы саласының мамандары, т.б. әлеуметтік қызметкерлер де бар екенін айтқан. "Біздің пойыздың бағытында біз алыс-алыс ауылдарға барамыз. Ол жерлерде біздің банктың бөлімшелері орналаспағандықтан, қандай да бір экономикалық жаңалықтар ол ауылдарға кеш немесе мерзімі өтіп кеткенде барып жетіп жатады. Сондықтан аталмыш пойыз баратын шалғай елді-мекен тұрғындарына банктің жұмысымен таныстырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының "Нұрлы жолда" нақтылап көрсетіп берген жаңа экономикалық саясатын насихаттайтын боламыз. Сонымен қатар, біз ауыл тұрғындарына мемлекет басшысының халықты әлеуметтік тұрғын үйлермен қамтамасыз ету туралы берген тапсырмасына сәйкес, шарттарды халыққа түсіндіруді көздеп отырмыз. Сондай-ақ, акция аясында ауыл тұрғындары түрлі әлеуметтік қызмет мамандарынан кеңестер ала алады. Акцияның негізгі мәні де осында жатыр", - дейді Жамаубаев мырза. Пойыз қазірдің өзінде Тайынша, Атбасар, Хромтау, Бейнеу, Түркістан және Сарыағашта болып, халықпен кездесулер ұйымдастырып үлгерген. Нәтижесінде біз жоғарыда атап өткен қызмет түрлеріне жүгініп, қол жетімді баспана бағдарламасы бойынша т.б. сұрақтарына жүздеген адам толыққанды жауап алды. "Менің Қазақстаным" пойызының келесі бағыты Луговой, Шу, Сарыөзек ауылы, Үштөбе, Аягөз, Лениногорск, Семей, Екібастұз, Теміртау, Жезқазған болмақ. Аталмыш жерлерде мекен ететін тұрғындар үшін түрлі бұл таптырмас мүмкіндік болары сөзсіз. Ал пойыз 24 сәуір күні Астанаға қайта оралады. Айта кету керек, "Менің Қазақстаным" пойызы Қазақстан халқы ассамблеясы жылына, Екінші дүниежүзілік соғыстың 70 жылдығына және Конституцияның 20 жылдығына арналып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407