Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4595 0 пікір 8 Сәуір, 2015 сағат 13:54

Сириялық оппозиция Назарбаевтан көмек сұрамақ

Сириялық оппозиция Қазақстаннан кезекті рет Мәскеуде 6-9 сәуір аралығында өтетін сирияаралық келіссөздерге қатысуын сұрауға ниетті, деп мәлімдеді сирияаралық кездесудің қатысушысы, саясаткер Ранда Кассис.

Ранда Кассис

Бұл туралы «Риа Новости»-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Мәскеудегі жиынға қатысқан бірнеше оппозиционерлерден құралған жұмысшы топпен және жиынға қатыспай қалған өзге оппозиционерлермен кездесуді сұрап, хат жолдамақшымын», — деді Кассис Sputnik агенттігіне.

Кассис: «Бұл топты құру үшін біз жұмыс жоспарын жасауды бастап, мәскеулік бастаманы да қолдай алатын механизмдер ойластыруымыз қажет», — дегенді алға тартады.

Саясаткер Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше барлық елдермен жақсы қарым-қатынас орнатқан бейтарап мемлекет екендігіне баса назар аудартты. «Қазақстан тарапынан жағымды белгілер бар», — деді сирияаралық келіссөздердің қатысушысы.

Сирия билігі мен оппозициясы арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі Мәскеуде дүйсенбі күні басталды. Кездесу 9 сәуірге дейін жалғасын таппақ.

«Шабаб» ұлттық сириялық партиясы бас хатшысының көмекшісі Сухейра Сурменидің айтуынша, Мәскеудегі сирияаралық кездесудің күн тәртібіне ұлттық татулықты жақындаттыра түсу, әрі билік пен оппозиция сүйенетін сенімнің өлшемін зерттеу үшін саяси үрдісті іске қосу кіреді.

Талқылаулардың алғашқы кезеңі қаңтардың аяғында өтті. Оған Сирияның азаматтық қоғамы мен оппозициясының 30-дан астам өкілдері қатысты.

Кездесулер барысында ортақ платформа құрылып, Сирия билігі өкілдерімен талқылаулар жасалынды. Нәтижесінде, ұлттық татулықтың саяси платформасын құруды қамтитын «мәскеулік қағидаттар» келісілді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406