Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Қоғам 8654 0 пікір 31 Наурыз, 2015 сағат 16:49

ТАТЬЯНАНЫҢ ӘЛЕМЖЕЛІДЕГІ «ӘНІ»

Алматының Алатау аудандық соты бүгін әлеуметтік желілерді пайдаланып, ұлтаралық алауыздықты қоздырған Татьяна Шевцова-Валоваға үкім шығарды. 

Алатау аудандық соты Татьяна Шевцова-Валованы (суретте) 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Соттың үкімі бойынша, Шевцова-Валова 3 жыл бойы сынақ мерзімінде болып, оның іс-әрекетін жергілікті полицейлер қатаң бақылап тұрмақшы.

Ал, өзін барша жұрттан сауатты санайтын Шевцова-Валова соттың бұл үкімімен келіспейтінін айтып, Жоғарғы сотқа дейін арызданбақшы.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының тұрғыны Шевцова-Валованың әлеуметтік желілердегі жазбаларынан «ұлттық ерекшелікке қатысты кемсітуді» байқаған қоғам белсенділері билік орындарына шағым түсірген еді.

Қаңтар айының 12-сінде болған соттан шыққан бетінде Шевцова-Валова журналистерге әлеуметтік желілердегі жазбаларды өзі жазбағанын және тағылған айыпты мойындамайтынын ескерткен-ді. Бір таңқаларлығы, ол әлеуметтік желілердегі пікірлеріне байланысты көзқарас танытқанның бәрін жау санап, айқайын Ресей билігіне естіртпекке әрекеттенген болатын. Сот отырысынан кейін де сондай пиғылын байқатқан ол өз жазбаларынан тана қалып, жұрттың бәрін таңқалдырған-ды.

Шевцова-Валова  мемлекет құраушы титулды ұлт – қазақтарға қарадай ұрынып, жазықсыз халықты «малға» теңеген. Сөйтіп, ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған. Сөйткен Татьяна қазақтар туралы ойынан айныды ма, жоқ па, белгісіз, алайда ол бұрынғы әнін қайталап, соттың шартты түрде бас бостандығынан айырғанына еш келіспей отыр. Татьяна Шевцова-Валованың мұқым халықты басынып сөйлеген сөздері мен іс-әрекетіне қатысты жайттарды мына сілтемеден таба аласыздар: (http://abai.kz/post/view?id=2822  ҚАЗАҚТЫ МАЛҒА ТЕҢЕГЕН ШОВИНИСТ)

Сонымен, Шевцова-Валова 4 жылға шартты түрде жазаланды. Ал, тап осындай сөзге қалып, «ұлтаралық араздықты қоздырды»  деп танылған Сәкен Бәйкенов қазір қамауда жатыр. Бәйкенов туралы білгіңіз келсе, мына сілтемені ашыңыз: (http://abai.kz/post/view?id=3114 БАЙКЕНОВ – ҚАМАУДА. ШЕВЦОВА-ВАЛОВА ШЕ?)

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963