Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5353 0 пікір 18 Наурыз, 2015 сағат 23:22

РЕСЕЙ БАСШЫСЫ: ОРЫС ПЕН УКРАИН – БІР ХАЛЫҚ

Ресей лидері Путин «Қырымның Ресейге қосылуына бір жыл» митинг-концертіне қатысты. Бұл туралы BBC жазды. Қара нөпір елдің алдында бой көрсеткен Путин: «Ресейдің қай қашанда Орыс пен Украинды бір халық деп санайтынын, өзінің қазір де солай деп ойлайтынын» мәлімдеген.

Оның сөзіне сай: «Украинаны қазіргідей жағдайға жеткізген адамға әлі объективті баға берілетін болады». Ал Ресей болса, өз кезегінде «екі ел қатынасының қайта қалпына келуі үшін» бәрін де жасауға дайын.

Сондай-ақ, Путин Қырымның жай ғана Ресейге тиесілі территория емес, Ресейлік рухтың қайнар көзі екенін айтқан.

Жергілікті жердің құқық қорғау органдары хабарлағандай, Мәскеу орталығында өткен митингке 110 мыңдай адам жиналған.

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1255
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2784
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 905
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 853