Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 8218 0 пікір 18 Наурыз, 2015 сағат 14:56

Жарылқап ҚАЛЫБАЙ. ХАЛЫҚҚА ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ҰЛТ ЖАНАШЫРЛАРЫ!

Мен – «Жұлдыздар отбасы» мен «АҢЫЗ АДАМ» журналдарының бас редакторы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде тіркелдім. Ел ішінде ұлтыма, мемлекетіме қалай қызмет етсем деп жүрген ұлтжанды, мемлекетшіл, ойлы азаматтар өте көп. Менің бұл сайлау додасына қатысудағы басты мақсатым – осы мүмкіндікті пайдаланып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілегін, сол ойлы азаматтардың бүгінгі қоғамдағы қордаланып қалған проблемаларға көзқарасы мен оны шешу жолдарын, болашақта Қазақстан қандай ел болуы керек екенін, келе жатқан дағдарысқа қалай қарсы тұрамыз, одан шығу жолдары қандай деген ұсыныс-пікірлерін билікке жеткізу. Сонымен қатар ұлт патриоттары мен ұлтшыл азаматтардың ұлт мүддесі үшін алдына қойған бағыт-бағдарламасын халыққа жеткізу.
Бұл мақсатымды жүзеге асыру үшін 23 наурызға дейін Қазақстан Республикасы аумағындағы сайлаушылардың 93 мың қолын жинау қажет болып тұр. Сол үшін әр облыстың, ауданның, ауылдың ұлтжанды азаматтары осы шараға бір кісідей атсалысуларын сұраймын. Уақыт өте тығыз.
Егер маған қолдау көрсеткіңіз келсе немесе менің сенімді өкілім болуға ниет етсеңіз, мына телефон мен электронды адрестерге тез арада хабарласуыңызды өтінемін.

Жарылқап ҚАЛЫБАЙ

 
Электронды құралдарымыз:
otbasybaspasy@mail.ru, adamata59@mail.ru, hair-han@mail.ru, altyn-ai_83@mail.ru

8 702 682 35 31
8 701 757 74 66
8 705 133 25 25
8 747 672 29 18
8 701 613 60 73

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391