Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2879 0 пікір 3 Қазан, 2010 сағат 10:24

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ. ПЕТР МЕН ПАВЕЛ ҚАЗАҚТЫҢ ӘУЛИЕСІ МЕ ЕДІ? «Алаш баласына ашық хатқа» орай

«Петропавл» қаласын атамзаманғы атынша «Қызылжар» деп, ал «Павлодарды» бір кездегі атынша «Кереку» деп атау туралы пікір айтыла бастағалы ширек ғасыр болған шығар, бірақ Алдекеңнің «әләуләйім бітсе, хәләуләйім бары» сияқтанып, әзірше оң шешім болар емес. Оған себеп - орыс ағайындардың орынды пікірге өре қарсы тұратыны және оларды біздің кейбір әсіребілімділеріміздің  қостап шығатыны.

Орыстарға айтарым: Оу, жерлестер! Ресейдің отаршылдық саясатын таратушы  «ғылыми экспедициялар», оларды «қорғаушы» әскери отрядтар келгенге дейінгі қазақы көне қала Қызылжардың атын бассалып орысшалаудың  ақылға қонбайтын қиястық екенін, ол озбырлық-зорлықты түзететін уақыт әлдеқашан болғанын түсінгілерің келмейтіні қалай?  Қазақтың жерін жерлеп, суын сулап отырып, құдайы көршің, жолдасың, досың, құдандалың - қазақтың адами, заңды талап-тілегіне қиқуалай қарсы ұшатындарыңды не деу керек? Петр мен Павелдің атын көзді жұмып алып қорғаштауға қайдан, кімнен тапсырма алдыңдар? Әлде саналарыңның саңылауынан кәдімгі шовинизм сығалап жүр ме? Әлде қолдарыңда: «Петр мен Павел қазақтың әулиелері болған, қазақ еліне жарқын болашақ тілеп өткен» деген тарихи мағлұмат бар ма?

Қазақтың бұл көне екі қаласына тарихи аттарын қайтаруды талап етуші жастарға айтарым: Ниеттерің түзу. Заңға томпақ емес. Сабырды серік етіп, тілек-талаптарыңды қазағы, орысы, ұйғыры, немісі, кәрісі... бар  көпшілікке және президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырзаға жеткізіңдер. Мәселе шешімінің оң болуы негізінен президенттің пейіл-көзқарасына байланысты.

Нұрсұлтан Әбішұлына айтарым: Нұреке, күні кеше: «Бұдан былай Семей делінетін болсын!» деген бір ауыз сөзіңізбен «Семипалатинскіні» Абайдың, Шәкәрім мен Мұхтардың жерінен аулақтатқан едіңіз, енді бүгін,  «Петропавловскіні» Мағжанның, Сәбит пен Ғабиттің жерінен аулақтатсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді!

Екінші.  Өкінішке қарай, аты-жөні есімде қалмаған ленинградтық бір академиктің: - Если бы не Джезказганская медь Каныша Имантаевича, на вчерашней войне половина наших  гильз была бы «босой», а куда же вообще «босяку»? - деп әзілдеп, ақиқатты аңғартқаны есімде. Қ. И. Сәтбаевтың  90 жылдығына орай Алматыға келгенінде. Әйгілі академик В. М. Келдыш Қанекеңді аса ірі геолог-теоретик деп құрметтеді. Ал Қанекеңнің әлемдік деңгейдегі ғұлама болғанын, металлогендік жоба картасын дүние жүзінде бірінші болып жасағанын білесіз. Демек, Павлодар қаласын «Қаныш СӘТБАЙ қаласы» деп атауды ұйғарсаңыз, Қазақстан жұртшылығының қуана құптары сөзсіз!

...Ал парламентіміздегі анау әлгі депутат Тасбай Симамбаев мырзаның құлағына - мыс сырға!  «Петропавловскіге» қорған болғаны үшін «алтын сырға» деуім керек еді, амал не, бір грамм да  алтыным болмай қалды.

01.10.2010 ж.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371