Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5491 0 пікір 17 Наурыз, 2015 сағат 23:45

Нұрлан АЛБАН. СЕНІҢ ДАУСЫҢ – СЕНІҢ БОЛАШАҒЫҢ!

Бүгінгі күні үлкен акция қолға алынып жатыр. Бұл біздің Қазақстан бойынша бүкіл ел елді, жер жерді қамтитын «Сенің дауысың - сенің болашағың» деп аталатын акция.

Үлкен бәйге басталды, бүгін үлкен байқау басталды, ешқандай жасаралық шек қойылмайды. Әрбір отандасымызға осы байқауға толығымен қатысуға болады. Мұның барлығы не үшін? Өйткені, алда келе жатқан 26 сәуір - барлығымыз үшін үлкен айтулы және жауапты күн. Өйткені, біздің мемлекетіміздің Президент сайлау күні. Еңбектеген жастан, еңкейген кәріге дейін атсалыссын демесек те, Қазақстанның толыққанды азаматы болып есептелетін, кәмелеттік жасқа толған жас буыннан бастап, біздің аналарымыз бен әкелерімізге дейін атсалысуы керек. Бұның бірден-бір себебі: мемлекеттің тыныштығы, елдің тыныштығы. Ал ел-жұрттың амандығы, береке-бірлігі - мемлекеттің бірлігі деп білеміз. Сондықтан да мен осы орайды пайдалана отырып, әріптестерімді, өнер ұжымдарын, өнер сапында жүрген азаматтарды, журналистерді, отандастарымыздың барлығын 26 сәуір күні дауыс беруге шақырғым келеді. Өйткені, мемлекеттің болашағы үшін әрқайсымыздың атсалысып, үлкен қажырлы еңбек көрсететін сәтіміз - осы 26 сәуір. Барлықтарыңыз байқауға қатысуға атсалысыңыздар. Шынымен де, нағыз тума таланттар, менің білуімше, ауылда, елдімекенде, сондықтан да өздеріңіз ауылда туып-өскеннен кейін осы әдемі байқауға ат салысып жатсаңыздар, бұл - біздің жетістігіміз. Бұл - біздің жеңісіміз!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392