Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 6322 0 пікір 12 Наурыз, 2015 сағат 13:17

ПУТИН ҚАЙДА?

Ресейлік сайттар РФ президенті В.В. Путин қайтыс болды деген ақпарат таратуда. Қайсыбір дереккөздері оның жүрек талмасымен ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқаны туралы айтады. Алайда, бұны нақты ақпарат деуге әзірге болмайды. Әйтсе де, Путин 6 наурыздан бері қарай жұрт көзінен таса. Қайда екені белгісіз. Ал, ВВП-ның 8 наурыз күні балалары үздік жетістіктерге жеткен ресейлік әйелдермен жүздесуі алдын ала жазылып қойылған бейнетаспа көрінеді деп хабарлайды http://top.rbc.ru/ сайты (http://top.rbc.ru/politics/11/03/2015/550069bb9a7947fd834cec7e).

Мәселенің мән-жайына қаныққысы келген аталған сайт журналистеріне РФ президентінің баспасөз қызметі Путин тек шенеуніктер ғана қатысатын ресми кездесулер өткізіп жатқаны туралы мағлұмат беріпті.

Путиннің басындағы хал рас па, әлде өтірік пен? Оны аз күнде білетін шығармыз. Айтпақшы, 13 наурызда өтуі тиіс Астана жиыны белгісіз себептермен кейінге шегерілді. Оған үш елдің басшысы:  Назарбаев, Путин, Лукашенко қатысады деп күтілген.

Abai.kz

0 пікір