Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 7099 0 пікір 6 Наурыз, 2015 сағат 11:41

Елбасы: МЕНІҢ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫМ БАСҚА БОЛАТЫН...

- Қазір сайлау науқаны басталып та кетті. Кезектен тыс президенттік сайлау туралы бастаманы да негізінен әйелдер қауымы қолдады. Мен күн сайын мыңдаған хаттар алып жатырмын. Бүгінгі ертеңгісін үстелімде бір құшақ хаттар келді. Олардың барлығы сайлауды қолдап, менен өз кандидатурамды ұсынуды сұрап жатыр.

Менің жеке жоспарым мүлдем басқа болатын, шынымды айтайын. Қазақстанды жылдар бойы басқарып келемін, Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан мемлекетті қалыптастырып, құрдық. Бәлкім, театрда айтатындай, декорацияны өзгертетін де кез жеткен шығар. Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Ю биліктен кеткенде мен одан неге кеттіңіз деп сұрағанмын. Ол соңғы уақытта теледидардан өзін көру ұнамай кеткенін айтқан еді. Менде де басқа жоспарлар болған. Алайда, бүкілхалықтық тілектер, елдің ниеті, жұрттың қалауы бар, оны да ескеру қажет. Сондықтан да, сіздермен алдағы жоспарымды, қадамымды ақылдасуға да болады деп ойлаймын, - деді Елбасы бүгін Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақордада өткен Қазақстан әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуі барысында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371