Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 6869 0 пікір 3 Наурыз, 2015 сағат 16:49

ТҮРКИЯ: ДЕМАЛУ ДА, ЕМ АЛУ ДА БАР

Жиырма бірінші ғасыр келіп, технология жылдам дамып, адамдар уақыт үнемдеудің түрлі жолдарын қарастырып, өмірді жеңілдетудің қаншама алғышарттарын жасап жатқан уақытта, әлемнің қай жеріне барам десе де есік ашық, жағдай жасаулы. Барлық мүмкіндікті тудыруға тырысқанымен, денсаулық мәселесі, дауасын таппаған дерттер әлі де күрделі мәселе болып қалуда. Өмір бар жерде өлім барлығы секілді, адам бар жерде ауру да болатыны ақиқат. Осы тұста менің айтқым келетіні - «Турмеда» компаниясының қызметтері жайлы.

Дем алу үшін емес, ем алу үшін шырқырап, шет ел асып, сырқатының нақты себебін, не оған дауа таба алатын дәрігерін таппай жүрген қанша адам бар. «Турмеда» - осындай қиналған жандарға қол ұшын созатын, қызмет түрлерін 14 мемлекетте жүзеге асырып отырған компания. Түркия тарих беттерінен діні мен тілі, тарихы мен мәдениеті озық үлгідегі мемлекет екені даусыз. Бүгінде медициналық жабдықтары мен дәрігер ғалымдары да әлемнің алпауыт мемлекеттерінен асып түспесе кем емес. MedicalPark ауруханалар жүйесімен бірлесе отырып, дертіне дәрмен іздеген "Турмеда" компаниясының көпшілікке қызмет көрсетіп келе жатқанына 7 жылдан асты. Қазақстаннан арнайы дәрігерлер мен БАҚ өкілдерін қонақ етіп, өз жетістіктері және мүмкіншіліктерімен толық танысуды ұсынған бұл компанияның еңбегі ерен. "МедикалПарк" ауруханалар жүйесін Түркияның кез келген қаласынан табуға болады. Жоғарғы сапалы медицина, қамқор дәрігерлер және мейірімді мейірбикелер жиналған бұл ұжымда дерттен айықпау мүмкін емес, әрине, әуелі Алланың қалауымен. Ал "Турмеда" жайлы сөз тіптен басқа.

Әлемде миллиардтаған адамның ішінде қазір дені толық сау деп айта алатын адам қалды деу қиын. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» деген екен әл-Фараби. Технология дамып, экономика қаншалықты өссе, адамзаттың өміріне соншалықты зияны тиіп жатқаны баршамызға белгілі. Экология, ластанған ауа, химиялық қалдықтарға тұнған ауыз су, дұрыс тамақтанбау, осының барлығы жаңа ғана дүние есігін ашқан сәбидің өзін түрлі ауруларға шалдықтырып жатқаны белгілі. Сүйектің жетілмеуі, ақыл-есі кем және кемтарлық, аққан, жүрек талмалары, қан қысымының жоғарылауы немесе төмендеуі - бұларды алғаш естігенде ғаламның қасіреті сол адамның басына төнгендей шошына қарайтынбыз, алайда, қазір құлақ үйреніскен, таныс сөз. Бұлардан бөлек адам естіп көрмеген түрлі диагноздармен медицина саласы күнделікті жаңарып отыр. Әлемнің жүздеген мемлекетінде дертіне шипа іздеп, өз елінде емдеуге мүмкіндік таппай, тау-тасты кезген адамдар үшін «Турмеда» - ғажап мүмкіндік. «Науқастың медициналық сараптамалар қортындысы бойынша дәрігер табу, ота уақытын белгілеуден басталып, әлемнің бір қиырынан Түркияға келген науқасты жақындарымен бірге әуежайдан күтіп алу, жанына тілмаш, астына көлік, қолына сол елдің байланыс жүйесі бойынша өз елімен де сөйлесуге мүмкіндік тудыратын ұялы телефон беру, сәті түсіп, емі шипасын беріп, жазылып шыққан кісіні еліне шығарып салудан аяқталатын қызмет түрі» деп түсіндірді компания басшысы Мұстафа Таджар мырза. «Қазақстанда да өз қызметін 5 жыл бұрын бастаған бұл ұжым қазірге дейін мыңдаған науқасқа өз шарапатын тигізгенін мақтанышпен айтуға болады» деді, Алматы қаласында орналасқан бөлімінің меңгерушісі Сәбит Сейдуалиев қандасымыз. Бүгінде әлемнің кез келген бұрышынан «Тур қызметтері» деген кеңсені іздемей таба аласыз. Алайда бұл Турдың мақсат-мүддесі мүлде бөлек екенін, көзбен көріп, шарапатты еңбектеріне жеміс тіледік.

"МедикалПарк" ауруханасының басшысы Тілек Арман (Dilek Arman) ханым өз мүмкіншіліктерімен таныстыру барысында жаңа туылған сәбилер бөлімінен бастап барлық ауру түрлеріне жасалатын ем-доммен толық таныстырды. «Бұл - әлемдегі ең уздік дәрігерлер жиналған ең жас орталық. Мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында медициналық үздік оқу орындарымен байланыстамыз. 7 жылдан бері эмнекология, эко, кардио воксолярный бөлімдер бойынша үлкен жетістіктерге жеттік. Әйелдерде кездесетін түрлі жыныстық аурулар, миома, жатырға өскен артық ет (киста), эрозия сияқты диагноздың барлық түрін операциялық, лазерлік, химиотерапия немесе физиотерапиялық жолдармен емдейміз. Ең бастысы, сүйек жілік майын ауыстыру отасындағы жеткен жетістіктеріміз» деп ауыз толтырып айтуға боларлық еңбектерімен қарапайым және қысқаша бөлісті. Жиналыс барысында сөз алған Левент Оғузкурт (Levent Oguzkurt), Тунч Бычкын (Tunch Bichkin), Латиф Түпеоғлу (Latif Typeoglu) секілді дәрігерлер де орталықтың рак, онкологиялық, урологиялық, радикологиялық саласындағы артықшылықтарын жеткізді. Сүйек жілік майын ауыстыру сияқты күрделі операцияның осы уақытқа дейінгі 7 жыл ішінде 100 ден астамын жасап, 96-97 пайыз сәтті аяқталғанын да жария етті.

Гаммакнайф (Gamma Knife) - әлемде 4-5 жерде ғана жасалатын өте күрделі ота түрі. Мидағы ісікті сәуле арқылы жою. МедикалПарк бұл сала бойынша да үлкен жетістіктері арқылы әлемдік үздік орталықтармен иық тіресіп тұр. Қазақстаннан да әуелі Жаратқанның, содан кейін "Турмеда" арқылы "МедикалПарк" ауруханасының көмегіне жүгінушілер көптеп кездесетінін айтты. Біздің елден баратын науқастардың басым көпшілігі - балалар арасында белең алған ДЦП, сүйектің дұрыс жетілмеуі, онкологиялық аурулар, синозгартония және күйік шалған теріні қалпына келтіру, қантты диабет сияқты диагнозды науқастар. Бір қызығы, Түркия елінде қантты диабет аса көп таралмаған. Сондықтан арнайы емдеу орталықтарын ашуға қажеттілік те жоқ екенін, егер осы дертпен келген науқастар болса, оны емдеу еш қиындық тудырмайтынын жасырмады. Бәрі Алланың қолында, дегенмен дәрігерлердің де мүмкіндігі зор мына заманда қолдан келгенше ауырмауға тырысып, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыру аса қажет. Ауырған күннің өзінде сенімді орталықта емделгенге не жетсін! Дәрігерлерге табыс, адамзатқа денсаулық тілеп, жиналысты аяқтадық.

Екі күндік сапарымыз тым қысқа боп көрінгенімен, бірнеше жиналыс өткізіп, ауруханалардағы заманауи мүмкіндіктермен таныстырып, шаһардың киелі орындарында қыдыртып, ең бастысы, сапалы әрі қолжетімді сауда дүкендерін аралатып үлгерген ұйымдастырушылардың шеберлігіне таң қалысып, қуанышпен, зор қимастықпен елге оралдық. Стамбулдың сұлулығына тою мүмкін бе?!.

Мөлдір АЙТБАЙ

Алматы-Стамбул-Анталья-Алматы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364