Жұма, 22 Қараша 2024
Бәсе... 7928 0 пікір 2 Наурыз, 2015 сағат 11:36

МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҮМІТКЕРІ – МҰРАТ ТЕЛИБЕКОВ

Мұсылмандар алдағы сәуір айында болатын Президент сайлауына өз үміткерлерін таңдады, деп хабарлайды NewTimes.kz сайтының ақпараттар қызметі. Ал, мұсылмандардың үміткері – Мұрат Телибеков екен.

«Президент сайлауы – бұл патриоттық акт, экономиканың тұрақтылығына пәрмен беретін, еліміздің өркендеп өсуі мен азаматтардың жақсы тұрмысын қамтамасыз ету үшін халықтық шешімдер қабылдаудың мүмкіндігі. Сондықтан біз, көктемнің алғашқы күнінде, Сізді барлық қазақстандықтар қалап отырған қадам жасауға шақырамыз», - деп жазылған Телибековтың атына жолданған үндеуде.

Телибековты Президент сайлауына шақырған бұл үндеуді еліміздегі исі мұсылманның үндеуі деп түсіну артықтау болар... өйткені, ол – ҚМДБ-ның емес, мұсылмандар қауымдастығы деп аталатын ұйымның ғана төрағасы. Үндеудегі «барлық қазақстандықтар қалап отыр» деген сөз де асырып айтылған. Себебі, Телибеков елімізге аса танымал тұлғалардың қатарына жатпайды. Әйткенмен де, сайлауға үміткер ретінде қатысуға оның толық қақысы бар.

«Сіз мұсылман қауымының ақыл-ойын кемел меңгергендіктен оны ақыл-парасаттың шегінде пайдаланып, Қазақстан мұсылмандарын барлық сынақтан алып шықтыңыз» делінген әлгі үндеуде.

Үндеушілердің сөзіне қарағанда, Телибековты әлем жұрты ақылды, беделді тұлға ретінде таниды екен. Телибековтың ұсыныстары жаһан жұртының тарапынан қолдау тауып, миллиондардың жүрегінен жол тауыпты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313