Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 7765 0 пікір 24 Ақпан, 2015 сағат 14:25

Қуаныш АЙТАХАНОВ. ҚЫМЫЗ ТУРАЛЫ ЗАҢ КЕРЕК

Қымыз бен шұбат - біздің халқымыздың дәстүрлі сусындарының бірі. Біріншіден, адам денсаулығына өте жақсы әсер етеді, иммундық жүйені нығайтады. Ішкі құрылыстағы көптеген ауруға ем. Сондықтан, қымыз бен шұбатты дүниежүзінің халықтары кеңінен пайдаланып жатыр. Бірақ, біз құндылықтарымызды тиісті дәрежеде пайдалана алмай отырмыз. Бұдан бұрын бір топ депутат Үкіметке қымыз бен шұбат туралы арнайы заң қабылдау керектігін айтып, депутаттық сауал жолдаған болатынбыз. Үкімет бұл мәселеге қарсы емес. Бұл тұрғыда Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Қымыз бен шұбаттың стандарттарын белгілеу керек. Өйткені, стандарт әр жерде әртүрлі. Ал, нағыз қымыз бен нағыз шұбаттың өз стандарты, химиялық құрамы болу қажет. Соған байланысты ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта қымыз бен шұбаттың стандарттары бекітіліп, барлық жерде стандарт аясында тексеріліп отырады. Сөйтіп, ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында қымыз бен шұбат елімізге келетін миллиондаған туристердің ең дәмді сусынына айналып кетуі керек. Яғни, халқымыздың осы құндылықтарын барша әлемге паш ету қажет.

(Сенатордың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтқанынан)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303