Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2921 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 07:43

Қаржы полициясы Досқалиевті емдеуші дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғады

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. ҚР экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі ( қаржы полициясы ) ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің денсаулығы туралы жалған ақпарат бергенемдеуші дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің тергеу департаментінің бастығы Нұрлан Ауғанбаев хабарлады.

«Дәрігерлерге қатысты (Досқалиевті емдеуші – ҚазТАГ) ҚР ҚК 339 бабы (қызметтік өкілеттіктерін пайдалану арқылы әділ сот төрелігіне, алдын ала тергеуге кедергі келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Н.Ауғанбаев дүйсенбі күні қаржы полициясындағы баспасөз мәслихатында.

Ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдегендей, министрдің денсаулық жағдайы туралы жалған мәлімет берген бас дәрігердің орынбасары Әлібек Мұстафин ғана емес, емхананың басқа да дәрігерлері де жалған сөйлеген.

«Олар (дәрігерлер – ҚазТАГ) алғаш рет берген жауаптарының жалған екенін мойындады», - деді М. Жұманбай.

«Кейбіреулері Досқалиевтің жауапкершіліктен қашу мақсатында өтірік ауырып жатқанын дәлелдейтін бейнематериалдар көрсетілгеннен кейін ауру парағын ашқан», - деді ол.

М. Жұманбай 30 қырқүйекте агенттік Досқалиевтің өтірік ауырған болып жатқанын көрсетіп, ессіз күйін жоққа шығаратын бейнематериалдар көрсеткенін еске салды. Бейнетаспа денсаулық сақтау министрінің іс жүзіндегі денсаулық жағдайы диагнозға сәйкес келмейтінін көрсеткен: ол өз бетімен тыныс алады, дәрігерлермен сөйлеседі, қозғалады, медициналық аппараттарға қосылмаған.

«Алайда 1 қазанда республикалық ғылыми-медициналық орталықтың дәрігерлері журналистер үшін сырқат Досқалиевтің фото және бейне түсіру мүмкіндігін беріп, осылайша, қоғамды алдауды жалғастырған», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, 21 қырқүйекте Ж. Досқалиевке қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 22 қырқүйекте қаржы полициясында одан жауап алынды. 25 қырқүйекте ол күдікті ретінде Астана ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды, сол жерде оның қан қысымы көтеріліп, 26 қырқүйекте инслуьт алған ол республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 27 қырқүйекте Астананың аудандық соты күдіктінің денсаулық жағдайына байланысты қаржы полициясының оны қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырмай тастады.

Қаржы полициясы Ж.Досқалиевті 2005-2006 жылдары қазақ медициналық академиясының ректоры болғанда жол берген бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпақ.

Қаржы полициясының мәліметіне сәйкес, Ж. Досқалиев жеке мүдделерін көздеп, академияның жер телімдерінде тұрғын үй кешендерін салу туралы келісімшартқа отырған. Құрылысты аяқтаған компания Ж. Досқалиевтің бас сенімхаты бойынша пәтерлерді академияға қатысы жоқ адамдарға нарықтық бағамен сатқан. Ж. Досқалиевтің өзі екі пәтер мен коттеджге ие болған. Аталған жер телімдері академияның оқытушыларына арналған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373