КӨШІ-ҚОН: ЖҰМЫС ТОБЫ ІСКЕ КІРІСТІ
Бүгін Көші-қон туралы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасына байланысты құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Бүгінгі отырыста жұмыс тобы аталған заң жобасына байланысты 140 түзетуді қарап, 94-ін қайта жөндеуге жіберді. 1 түзетуді заң жобасын дайындаған тарап алып тастаған.
Көші-қон туралы заң Мәжілістің қарауына 6 қаңтарда келіп түскен. Заң жобасын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дайындаған. 14 қаңтарда мәдени-әлеуметтік даму комитеті заң жобасын қарауға алған. Сөйтіп, мәдени-әлеуметтік даму комитетінің қаулысымен 43 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылды. Мәжіліс депутаты Гүлнәр Сейітмағанбетова жетекшілік ететін жұмыс тобында Мәжіліс депутаттары, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ұлттық экономика, энергетика және инвестициялық даму, қаржы, әділет, ғылым және білім, сыртқы істер министрліктерінің өкілдері және оралмандардың «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Бодаухан, «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Ауыт Мұқибек бар.
Abai.kz