Сенбі, 17 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3818 0 пікір 5 Қазан, 2010 сағат 08:13

Сарыбай сырқат көрінеді...

Президенттің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев миына қан құйылып (инсульт алып) құлапты деп хабарлайды  ҚазТАГ мәселенің мән-жайына қанық дерек көзіне сүйене отырып.

«Сарыбай Сұлтанұлы миына қан құйылып инсульт алды. Оған енді ұзақ емделуге тура келеді», - дейді ақпар таратушы.

Биліктегі кардиналдардың  бірі Қалмырзаевтың аты жаман дертке  шалдығып құлаған күні  әзірге белгісіз. «Шамамен, өткен жексенбіде болған сияқты», - дейді ҚазТАГ-ке мәлім дерек көзінен хабар беріп отырған адам.

Қалмыразаевтың қазір қай клиникада ем алып жатқаны да анық емес.

Алайда, С. Қалмырзаевтың көмекшісі Болат Сұлтанбаев оқиғаның анық-қанығын білмек болып хабарласқан ҚазТАГ  тілшісіне жоғарыда сөз болғанның бәрін жоққа шығарған көрінеді.

«Қалмырзаев аман-есен. Шетелде емес, Қазақстанда. Рас, қазір жұмыста жоқ», - дейді  Болат Сұлтанбаев

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2692
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4410