Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2823 0 пікір 8 Қазан, 2010 сағат 04:21

Қазақстан билігі Павлодар облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын экстрадициялауды талап етіп отыр

Алматы. 7 қазан. ҚазТАГ – Мәскеуде Ресей сәулетшілері одағының істерін басқарушы, Павлодар облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Александр Кошевой қамауға алынды,деп хабарлайды ресейлік «Коммерсант» басылымы.

Газеттің ақпараты бойынша, А.Кошевой Қазақстанда өзіне тағылған айыптауларға қатысты Пресненский аудандық сотының шешімімен ұсталған.

А. Кошевой бұрын Қазақстанның Павлодар облысы әкімінің орынбасары болған. 2002 жылы ол қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол бір жеке меншік компанияға заңсыз түрде салықтық жеңілдіктер берген, бұл бюджетке шығын әкелген. Тергеу жүргізілген уақытта А. Кошевойдың өзі Ресейге көшіп кеткен. Қазақстан билігі оны іздеуге жариялады, бірақ кейін бұрынғы шенеунік Ресей азаматтығын алғандықтан, іздестіру шараларын тоқтатқан, деп жазады басылым.

2006 жылы Барнауылдың Октябрь аудандық соты Кошевойға РФ азаматтығын беруді заңсыз деп таныды.

А. Кошевойдың адвокаты Сергей Бровченко болса, өзінің қорғауындағы Кошевойдың РФ азаматтығынан заңсыз айырылғанын мәлімдеп отыр. Оның Қазақстан азаматтығынан бас тартқанын осы елді билігі ресми түрде мойындады, ол 2003 жылы елшілікке өзінің төлқұжаты мен өтінішін жіберген. С. Бровченко Қазақстан билігі А. Кошевойды «саяси себептермен» қудалауға алды деген пікірде.

«Кошевойдың проблемалары Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақиянов республикадағы ірі БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовпен бірге «Қазақстанның демократиялық таңдауы» оппозициялық қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы болғанда басталды. Қазақстан билігі екі басшыны да түрлі қылмыстарда айыптаған соң, олар елден кетуге мәжбүр болған. М. Әблязов соңғы уақытта Лондонда тұрып жатыр, ал Ғ. Жақиянов болса, кейбір мәліметтерге сәйкес, Қытайда жүр», - деп жазады «Коммерсант».

«А. Кошевойдың экстрадициясын талап етіп отырған Қазақстан оның оппозиция лидерлеріне қарсы мәліметтер береді деп үміттенеді», - дейді адвокат.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда А. Кошевойға қатысты «егде адам көтере алмауы мүмкін психикалық қысым мен күш көрсету әдістері қолданылуы ықтимал» деп қауіптенеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395