Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Бетбұрыс 8348 7 пікір 31 Наурыз, 2017 сағат 07:06

Авторитарлық билікке әрқашан нақты ақпарат жетпейді

Авторитарлық билік альтернативалық мақалаларды және хаттарды оқымайды, ақпарат жетсе де ешқандай реакция білдірмейді. Қазақ авторитаризмінде өмір сүріп жатқан басшы адамдардың ең басты кемшілігі – қарауындағы көмекші аппаратта қоғамдық шындықтың айтылмауы дер едім. Мұндай кезде өтірікші эксперттер қаптайды.

Олардың екінші кемшілігі – ұлтсыздығы, қазақ тілін жақтырмауы. Сол себепті де билікке хат жазған тарапқа ешқандай жауап бермейді , көтерілген мәселерді шешуге тырыспайды. Мәселен, қазақ зиялыларының кейінгі  хаты мемлекеттік тілдің құзырын көтеруді мәселе етіп қойған еді. Билік жақ ашпады. Демек, «бізде ондай тауқымет жоқ» дегендей хат мазмұнсыз болып қалды. Бұлай жалғаса берсе, алда өзгеріс бола қоюы екіталай.

Биліктің негізгі маңызды тізгінін ұстап отырғандар орыстілді элита өкілдері, олардың қазақша баяндама оқи алмайтынын былай қояйық, мүлдем қазақ баспасөзін оқымайды деуге болады. Мұндай «орысжанды» шенеуніктер айналасына сөзсіз азаматтығы мен қазақжандылығы кем сарапшыларды жинайды.

Осыған дейін Қазақстанда болған шерулердің дені аграрлық сипатта емес, ұлтттық сипатта болған еді. Ұлтжандылық кең өріс алып жатқанда олардың беті қазаққа бұрылмаса, жастарымыз көшеге шығып кетуі ықтимал. Ар жағы не болатынын айтпаса да болады.

Сондықтан да жағдайды эскалациядан сақтау үшін бірқатар ұсыныс жасағым келеді.

  • 1) "Хабар" арнасын толық қазақшалау;
  • 2) ұзақ уақыт мемлекеттік тілді қалтарыста қалдырғаны үшін жауапты тұлғаларды биліктен шеттету:
  • 3) позитивтік тілдік дискриминация саясатын жүзеге асыру - аталған демократиялық шараның іске асырылуы мемлекеттік тілді қолдау болар еді. Бұл шаралар халықты тыныштандырар еді. Биліктің сакральдылығы көтерілер еді.

Мен саясаткер емеспін, 40 жылдан астам қоғамтанушы болдым. 64 жасқа келген шал болғандықтан көргенімді, сезгенімді , білгенімді айтып отырмын.

Әзімбай Ғали

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969