Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2778 0 пікір 8 Қазан, 2010 сағат 04:24

Павлодардағы кардиоорталық жобасыз салынып жатыр - «Караван» зерттеуі

Алматы. 7 қазан. ҚазТАГ – Павлодарда тағы дау шықты. Құрылысшылар кардиохирургиялық орталықтың ғимаратын мемлекеттік сараптама бекіткен жобасыз салып жатыр, делінген жұма күні саудаға түсетін «Караван» мақалаларының бірінде. Бұл туралы ҚазТАГ-қа апталық басылымның редакциясынан хабарланды.

50 орындық аймақтағы бірінші кардиоорталықтың жобалық-сметалық құжаттары 2007 жылы бекітілген. Бірегей медициналық мекеменің құны - Т8,158 млрд. 2010жылдың басында денсаулық сақтау министрлігі нысанға тапсырыс беруші ретінде жобаға түзету енгізіп, жобалаушыға жаңа техникалық тапсырма берген. Түзетілген жоба мемлекеттік сараптамадан өтпей қалып, бекітілмеген. Алайда құрылыс тоқтатылмай, қалыпты режимде жалғасып жатыр.

Мемлекеттік сараптама жаңа жобаны бекітпесе кім жауап береді? Жобаға жаңа өзгертілер енгізілсе, ғимарат кімнің қаржысына қайта салынады? Журналистерді осындай сұрақтар мазалайды.

Шымкенттегі 4 мыңға жуық мүгедек жылдап пәтерлерінен шықпай, қамауда өмір сүруге мәжбүр. Қала бұл адамдардың мұң-мұқтажына мүлдем назар аудармайды. Қалалық мүгедектер қоғамының мәліметтеріне сәйкес, 100 аса адамның мүгедектер арбасын алуға кезекте тұрғандарына осымен бірнеше жыл болған. Бірақ билік жылына 40-50 арбадан үлестіреді. Кезек он жылдарға созылып отыр, ал ең сапалы арба 5 жылдан артық қызмет етпейді, деп жазады «Караван».

Әрбір алматылық тұрғынның үлесіне 120 кг ластаушы заттан келеді. Ластаушылар қатарында автокөліктерден басқа көздер де бар. Алматыда бірінші санаттағы 13 өнеркәсіп нысаны «түтінін бұрқыратып жатады». 2010 жылы Алматыда стационарлық көздерден 11, 3 мың тонна лас заттар тасталған. Қаланың солтүстік бөлігінде қалыптасқан алып өнеркәсіп ауданының тағдырын шешу қажет. Алматы ауыр машина жасау зауытын, вагон жөндеу зауытын, автокөлік жөндеу зауытын, басқа да ірі кәсіпорынларлы шығару керек, дейді экологтар.

Валюталық депозиттермен не істеу керек?: долларды сату керек пе, керек емес пе? Кірістерді жаппай декларациялау жемқорлық пен көлеңке экономикаға әсер ете ме? Жалақы салығы қымбаттай ма? 2011-ші жылғы бюджетке қандай өзгертулер енгізілді? «Караван» газетінің осы және басқа сұрақтарына қаржы министрі Болат Жәмішев «Сұрақ-жауап» айдарында жауап береді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404