Қазақстанның табысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқы мен өз елінің өмірін жасқартуға қосқан үлесін байқамау әрі бағаламау мүмкін емес, деп есептейді Сербия президенті
Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Сербия басшысы Борис Тадич Қазақстанның табысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқы мен өз елінің өмірін жасқартуға қосқан үлесін байқамау әрі бағаламау мүмкін емес деп есептейді, деп хабарлайды бейсенбі күні Ақ орданың баспасөз қызметі.
«Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде әлемдік мемлекеттік қайраткер. Ол үлкен құрметке ие саясаткер және оның өз халқы мен өз елінің өмірін жасқартуға қосқан үлесін байқамау әрі бағаламау мүмкін емес, - деді Борис Тадич «Хабар» телеарнасына сұхбат беру барысында, сұхбат мәтінін президенттің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ол соңғы он жылда Қазақстан таңқаларлық нәтижелерімен көрініп отырғанын атап өтті. Егер еске түсірсек, бұдан 20 жыл бұрын Қазақстан еңбекақы мен зейнетақы төлемдері проблемасымен бетпе-бет келді, бүгінде мүлде басқаша көрініс. Бұл дамудың жоғары деңгейі туралы және елді жақсы басқарудың куәсі», - деп атап өтті Сербия президенті.
Б. Тадич «Қазақстанның табысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басымен тығыз байланысты» деген пікірде. «Мен елдің неге қол жеткізгенін, қандай инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылғанын, адамдардың өмір сүру деңгейі қалай артқанын көріп отырмын», - деді ол.

Ақ орда баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Сербия президенті экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті келешекке арналған перспективалық жоспар құруға мүмкіндік беретінен атап өтті. Атап айтқанда, фармацевтика, энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.б. салалардағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.
Қазақстанға ресми сапары барысында Б. Тадич премьер-министр Кәрім Мәсімовпен де кездесті.
Кездесуде екіжақты өзара іс-қимылдарды дамыту, оның ішінде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-серб үкіметаралық комиссиясын құру мәселелері талқыланды.
«Тараптар екі ел президенттерінің арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылатындығына сенім артты және Қазақстан мен Сербияның аумақтарында экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделіліктерін білдірді»,-деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.