Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 14316 11 пікір 1 Сәуір, 2017 сағат 17:46

Қазақстанның үшінші жаңғыруы немесе жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстанның үшінші жаңғыруы немесе  жаһандық бәсекеге қабілеттілік тақырыбындағы Президент Жолдауы және елдегі саяси реформалар

2017 жылы қаңтардағы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы немесе  жаһандық бәсекеге қабілеттілік» даму концепциясы Қазақстанның әлемдегі көшбасшы 30 елдің қатарына енуге бағытталған нақты қадамдары көрсетілген жолдау екендігі айқындалды.

Жолдаудағы бес бағыт Қазақстан мемлекетінің жақын болашақтағы дамуының басты бес нысанасы екендігін атап өткім келеді.

Жолдаудағы басты бағыттардың бірі ерекшелігіне тоқтала кетсем,  «Еуразия логистика инфрақұрылымы» даму мәселесіне дұрыс назар аударылған деп есептеймін. Бұл Моңғолия үшін назар аударатын басты мәселелердің біреуі. Өкінішке орай біз Моңғолия арқылы әуе, авто, темір жол транзитін дамыту логистикасы туралы айтқалы көп уақыт өтсе де жүзеге асыра алмай келе жатырмыз.

Сондай-ақ, энергетика, транспорт, логистика, тұрғын үй қызметі баға тарифын секілділерді белгілі мөлшерде төмендету бағытындағы кешенді шараларға дұрыс назар аударылған. Мемлекет-жекеменшік секторының серіктестігін кеңейту, ЖІӨ-дегі мемлекет үлесін 15 пайызға дейін төмендету және білім жүйесін жетілдіру, оның ішінде жаппай тегін техникалық-маманды білім беру мәселелері Моңғолия және Орта Азияның басқа да мемлекеттеріне өзекті болып отыр.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған 25 жылында басқа елдердің жүздеген жылдары жүріп өткен кезеңі, болашақта ауыртпашылық, қиындықтарды еңсеруге лайықты жоспар - «Қазақстанның үшінші жаңғыруы немесе  жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы болып табылатындығы сөзсіз.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттің басқару тетігін жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру жолының көзі ретінде жаңаша реформалар жүргізуді қолға алуы көрегендік деп білемін. Жақында ғана Қазақстанда жүзеге асырылған Конституцияға өзгеріс енгізу қадамдары мемлекет басшылығының заман талабына сай әрекеттерге баруда екенін көрсетіп отыр. Бұл міндетті түрде Қазақстанның дамуында үлкен рөл атқаратындығына күмән жоқ.

Жалпы алғанда экспорттың басым бөлігін құрайтын мұнай, газ, мыс, алтын секілді басты шикізат көздеріне әлемдік нарықтағы бағаның төмендеуі жағдайында Қазақстан экономикасының өзіндік қоры, әлеуеті бар екендігін көрсетіп отыр. Қазіргі әлемдік даму жағдайында экономиканың 1 пайыздық өсімі жақсы көрсеткіш деп саналатындығы  да соның да бір дәлелі.

Осы орайда қазіргі қиын кезеңде «Экспо-2017», «Универсиада-2017» секілді халықаралық іс-шараларды ұйымдастырып жатқандығы Қазақстанның мүмкіншілігі зор екендігін көрсетуде. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында Қазақстан өзін әлемге таныту сипатынан ғана емес, керісінше осы іс-шаралар нәтижесінде инвестиция тарта отырып, дүниежүзі қауымдастығының сеніміне ие болып отыр.

К.Дэмбэрэл – доктор (Ph.D), Моңғолияның Ғылым Академиясының Халықаралық қатынастар институтының аға маманы, Орта Азия елдері бойынша зерттеу орталығының координаторы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313