Италия жағы Мақсат Иденовты ENI компаниясына жұмысқа шақырды
Милан. 12 қазан. ҚазТАГ – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті болып жұмыс істеген Мақсат Иденовты итальян жағы ENI (Ente Nazionale Idrocarburi ) компаниясына шақырды. Бұл туралы ҚазТАГ-қа ENI компаниясының жоғары лауазымды қызметкері Луиджи Лузерелло Миланда ENI штаб-пәтерінде журналистермен кездесуде мәлім етті.
«Мақсат Иденов қазір ENI барлау және өндіру бойынша бас директоры Клаудио Дескальцидің көмекшісі болып жұмыс істейді. Бұл біздің компанияның негізгі бөлімшесі және Мақсат Иденов маңызды қызмет атқарады»,- деді Луиджи Лузерелло.
«Біз бұрын Мақсат Иденовпен кездескенде оның мұнай-газ мәселелерін жақсы түсінетінін айтатынбыз,- деді Луиджи Лузерелло. Сондықтан оны ENI-ге шақырғанда оның менеджерлік қабілетін ескердік,бірақ қазір ол тікелей өндірістік мәселелермен айналысады. Біздің компанияның жоғары қызметтерге басқа елдерден адам шақырып отырғанымыз алғаш рет емес».
ҚазТАГ-тың М. Иденов қазір Миланда тұрып жатыр ма деген сұрағына Луиджи Лузерелло: «Мен Мақсат Иденовтың қазір қайда тұратынын білетіндей онымен соншалықты жақын қатынаста емеспін» деп жауап берді.

Бұрын хабарланғандай, биыл сәуір айында «ҚазМұнайГаз» басқарма мүшесі болған М. Иденов басқарушы директордың қызметінен кететіні туралы өтініш берген, бұл өтініші қанаттандырылды. М. Иденов ҚМГ-да Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын игеру жобаларымен айналысқан. 2007жылы ол ҚМГ бірінші вице-президенті болған.