Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3363 0 пікір 12 Қазан, 2010 сағат 21:17

Қызылжар! Қызылжар!

«Көшіп аулым барады Қызылжарға,

Таң атар Шолпан туып сызылғанда»,- деп басталатын әнді ес біліп, етек жапқалы тыңдап келемін. Әйткенменде, бұл  әннің қашан дүниеге келгенін толық білмеймін. Бірақ, жүздеген жылдық тарихты артқа тастағанын әуенінен, сөзінен аңғарасыз. Амал не, ата қазақ әніне қосқан Қызылжардың жат атауы жанға батып тұр. Айғайға аттан қосып, ешбір тарихи негізсіз отаршы елдің әулиелерінің атын жанын салып қорғаштап жүргендердің арасында ішімізден шыққан шіріген жұмыртқалар да жүр.

Әне, Есілдің жағасындағы қазақтың Қызылжарының бүгінгі келбеті. Ал, біз тәуелсіздіктің жиырма жылдығын тойлаймыз деп алақанымызды ысқылап жүрміз. Біздің алақанымызға салып аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмаған сүйікті отандастарымыз жанға жан, қанға қан алатындай қасарысып,  жар астынан жау тигендей жанталасып жатыр.

Ел мен жерге ие болайық ағайын!

Нұра Матай, «Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1551
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3164
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1161
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1082