Алматы мәслихаты қала бюджетін Т21,8 млрд арттыруды мақұлдады
Алматы. 12 қазан. ҚазТАГ - Алматы мәслихаты қаланың 2010 жылғы бюджетінТ21,8 млрд-қа дейін арттыруды мақұлдады, делінген Алматы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«Алматының жергілікті бюджетін нақтылау шеңберінде қала бюджетінің шығыс және кіріс бөлігін Т21,827 млрд сомаға арттыру туралы шешім қабылданды. Соның ішінде жалпы сомасыТ8,827 млрд көлеміндегі кіріс есебінен және Алматы әкімдігінің Т13 млрд көлемінде мемлекеттік құнды қағаздарды шығару есебінен жоспарланған», - делінген хабарламада.
«Біз салық түсімдері, салық емес түсімдері және республикалық бюджеттен трансферт есебінен бюджеттің кіріс бөлігі арттырылды. Еске сала кетейік, біз бюджетті алғаш қабылдағанымызда жергілікті бюджет Т112 млрд болған, трансферт Т95 млрд, бюджет - Т199 млрд болған. Енді бюджет Т246 млрд-қа дейін артты. Бұрын бізде мұндай бюджет болмаған»,- деді Алматы әкімі А. Есімов мәслихат депутаттарына нақтыланған бюджетті таныстыра отырып.
Бұл қаржыны басымдықты шараларға және Алматының облигациялық бағдарламасының жобаларын қаржыландыруға бағыттау көзделген.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында ішкі түзетулер енгізудің нәтижесінде осы өзгертулерді ескергенде, Алматы қаласының нақты бюджеті Т246,65 млрд құрады.