Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2518 0 пікір 14 Қазан, 2010 сағат 05:45

Петропавл әкімі нан бағасы бөлкесі үшін 35 теңгеден ары бармайды деп уәде берді

Петропавл. 14 қазан. ҚазТАГ – Петропавл наубайханаларында 1 сұрыпты нанның бір бөлкесінің бағасы 35 теңгеден аспайды. Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) ауыл шаруашылық басқармасы мен қаладағы ұн өндіруші кәсіпорындар қол қойған меморандум шеңберінде осындай уағдаластыққа қол жеткізілді.

Меморандумға сәйкес, ұн өндіруші кәсіпорындар наубайшыларға 1 сұрыпты ұнды килограмы үшін 45 теңгеден сатады, ал өздері бидайды «Азық-түлік корпорациясы» АҚ белгілеген баға – тоннасы үшін 26 500 теңгеден сатып ала алады.

Петропавл әкімі Нұржан Әшімбетов хабарлағандай, әзірге меморандумға үш кәсіпорын қол қойды.

Бұрын хабарланғандай, 4 қазаннан бастап ПНТК-ге тиесілі «Нан плюс» дүкендер желісінде 1 сұрыпты нан бөлкесі бұрынғы 40 теңгенің орнына 45 теңге тұрады. Көтерме баға 37 теңгеден 42 теңгеге дейін өсті. Кәсіпорынның әкімшілігі мұны бидай мен мазуттың қымбаттауымен түсіндірген.

Қазір қала дүкендерінде 1 сұрыпты нан бағасы Т40 - Т50 аралығында.

«Қазір бірінші сұрыпты ұн килограмы үшін 50 теңге тұрады, - деп мәлім етті меморандумға қол қою рәсімінде «ДЭЗ» ЖШС директоры Зекаи Танрыкулу. -
Ертеңгі күннен бастап біз бағаны арзандатамыз. Бидайды «Азық-түлік корпорациясынан» сатып ала алатынымыз жақсы, сонда баға нақты белгіленіп, бидай бағасының құбылуына тәуелді болмайды».

Меморандум шарттарының сақталуын арнайы құрылған топтар бақылайды, сондай-ақ, олар кәсіпорындарда ұнның болуын және нан бағасынан басқа, негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын да бақылап, үстеме бағаның 15%-дан аспауын қадағалайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475