Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2793 0 пікір 2 Маусым, 2009 сағат 05:55

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ. 3,5 миллион гектар жерді кім иеленеді? Қазақстан осынша жерді шетелдік инвесторларға беретіндігін мәлімдеді

Территориясы жағынан әлемде 9-шы орынды иеленетін Қазақстан үшін ұлан-байтақ даланы игеру де үлкен проблема туғызып жатқан сыңайлы. Сарапшылардың пікірінше, бұл аумақты игеру үшін халықтың саны кем дегенде 60 миллионды құрауы керек екен. Сол себепті де, небәрі 16 миллионның о жақ, бұ жағында ғана халқы бар еліміздің бос жатқан жерлеріне көз алартушылар жеткілікті.

 

 

«ЖЕР КОДЕКСІ» ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ЖЕРДІ ЖЕКЕМЕНШІГІНЕ АЛУЫНА МҮМКІНДІК БЕРЕ МЕ?

 

 

Территориясы жағынан әлемде 9-шы орынды иеленетін Қазақстан үшін ұлан-байтақ даланы игеру де үлкен проблема туғызып жатқан сыңайлы. Сарапшылардың пікірінше, бұл аумақты игеру үшін халықтың саны кем дегенде 60 миллионды құрауы керек екен. Сол себепті де, небәрі 16 миллионның о жақ, бұ жағында ғана халқы бар еліміздің бос жатқан жерлеріне көз алартушылар жеткілікті.

 

 

«ЖЕР КОДЕКСІ» ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ЖЕРДІ ЖЕКЕМЕНШІГІНЕ АЛУЫНА МҮМКІНДІК БЕРЕ МЕ?

 

 

Өзге емес, іргеміздегі Қытай мен оған көрші Үндістан сыймай жатқан фермерлерін Қазақстанға қаптатуға құмар-ақ. Ал, Қазақстан кең байтақ мекенін өзгелерге еш қиындықсыз бере салуға заңдық база жасап та қойыпты. Ұзақ мерзімгі талас-тартыспен 2005 жылы қабылданған «Жер кодексі» бойынша жер шетелдіктерге жеке меншік нысанға берілмейді делінген.
Алайда, өткен аптада Астанада болған Қазақстан-Сауд Аравиясы бизнес-форумында Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев шетелдік инвесторларға 3,5 миллион гектар жерді беруге дайын екендіктерін мәлім еткен. Вице-министр осы аптаның басында «Азаттық» радиосына берген сұхбатында: «Ауыл шаруашылығы министрлігі былтыр жер төңірегіндегі ахуалды талқыға салып, шетелдік инвесторларға жеке кәсіпорынын немесе бірлескен кәсіпорын ашуы үшін, не болмаса жер игеру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға қаражат салу үшін жер беруге бүгін даяр нақты жер пайдаланушыларды анықтаған» дейді. Демек, былтырғы жылдан бастап ауылшаруашылығы нысанындағы жерлерді шетелдік фермерлерге беру көзделген. Аталған жиында Арман Евниев шетелдік компаниялардың Қазақстан жерін жекеменшік ретінде пайдалана алатын заңдық базаның барлығын айтқан. «Біздің заңымыз бойынша, Қазақстан Республикасының резиденті, яғни заңды тұлғасы ретінде тіркелген шетелдік компанияларға қазақстандық заңды тұлғалармен бірдей деңгейде құқыққа ие болуына мүмкіндік жасалған» деген ол, өзінің бұл сөзін «Азаттық» радиосына берген сұхбатында жоққа шығарады: «Арман Евниев сондай-ақ кейбір қазақтың ақпараттық агенттіктерінің «Қазақстанның Жер кодексі шетелдіктерге Қазақстан азаматтарымен, заңды тұлғаларымен және азаматтығы жоқ тұлғалармен тең дәрежеде жерге деген жекеменшік құқығын береді» деген хабарларын «түсінбестікке» балады.
Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі шенеуніктің айтуы бойынша, шетелдіктерге 10 жылға жалға алу құқығы мерзімді ұзарту мүмкіндігімен қоса беріледі. Бірақ, Арман Евниевтің келесі сөздері арқылы өзіне қарсы шығады: «Өзінің белгілі бір қатыстылығымен Қазақстанда жаңадан заңды тұлға құрған шетелдік компания іс жүзінде Қазақстанның резидентіне айналады да өзге де резиденттер сияқты барлық құқықтарды пайдалана алады». (Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ «Астананың инвесторларға сататын жер көлемі Голландияның аумағына тең болады», «Азаттық» радиосы, 26.05.2009 жыл).
Яғни, шенеуніктің өз сөзін өзі жоққа шығара отырып, жоғарыдағы мәлімдемесін қайтадан нақтылауы – біздің заңдық құжэаттарымызда ата-бабаларымыздың найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған ата мекенін шетелдіктерге оп-оңай саудалауға мүмкіндік берген заңдық базаның барлығын танытады.

 

 

ҚАРА ҚЫТАЙ ҚАРА ҮНДІСТІ АЛА КЕЛЕ МЕ?

Мамырдың 18-інде «Қазақстан-бүгін» ақпараттық агенттігі таратып, барлық шетелдік басылымдар іліп әкеткен аталған ақпаратқа Қазақстанның өзінде батыл талқылаулар мен тұжырымдар болмағанымен, бұл ақпарат шетел баспасөзін қатты қызықтырғанға ұқсайды. Шетелдік, соның ішінде батыстық басылымдар Қазақстанның ауылшаруашылығы нысанындағы жерлерге Қытай фермерлерінен өзге ешкім келе қоюы неғайбыл деген болжам жасауда. Тағы да сол «Азаттық» радиосының мәліметіне сүйенсек, француздық «Ле Монд» газетінің 2009 жылдың 21-сәуіріндегі материалда: «Мәселе 2003 жылдан бері пікірталас тудыруда: көршілес Қазақстанның егістік жерлерін Қытайдың жалға алуы туралы «Чайна Дейли» газеті таратқан ақпарат Қазақстандағы билікті алғашында мұны жоққа шығаруға мәжбүр етті.
Мұндай жоба бәрібір іске қосылды: 7 гектардан астам жер қытай-қазақ бірлескен акционерлік қоғамына жазылды, ал 3 мыңнан аса қытайлық шаруалар Қытаймен шекаралас Алакөл ауданына өз егісін егуге бет түзеді» делінген.
Ал, бұдан бір жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 2008 жылдың 16-сәуірінде  Үндістанның «CALCUTTA TELEGRAPH» басылымында «Жер жетпей ме, Қазақстан шақырады» атты мақала жарияланған. Онда Үндістанның вице-президенті Хамид Ансаридің Қазақстанға сапары жайында айтыла келіп, «Қазақстан тарапы, олардың мемлекеті жерді игеру үшін шетелік инвесторларға 10 жылға жалға беретін саясатты жүзеге асырғандығын айтты. Бұл тек қана емеурін. Енді нақты ұсыныс түспей тұрып, нақты жоба жасауға кірісуіміз керек» делінген аталған мақалада. Бұл мақала «Экономика» газетінің шетел баспасөзіне шолу айдарында 2008 жылдың қараша айында басылған еді. Дәл осы мақаламен бірге Қайрат Әміреевтің «Индийцы получают у нас земли, а что, Казахстан уже не принадлежит казахстанцам?!» атты мақаласы жарық көрді. Онда «Қыркүйек айында (2008 жыл – Е. К.) Үндістанның «Commodity Online» атты электронды басылымында «'India is worlds behind China'» («Үндістан Қытайдан қалып қойды») атты Қытай мен Үндістан арасындағы ежелден бері келе жатқан бәсекелестік туралы Джон Роджерстің мақаласы жарық көрді. Ондағы бізді елең еткізгені мына бір жолдар еді: «Үндістандықтар – ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру жағынан АҚШ фермерлерімен ғана бәсекелесе алады. Бірақ, үкімет бір адамға 18 акр жерден артық пайдалануға рұқсат етпейді. Бұл көптеген мол өнім ала білетін фермерлерді ығыстырып жатыр. Пенджаб фермерлері Қазақстаннан ірі егістік жерлерді сатып ала бастады» делінген. 1 акр – 0,4 гектарға тең. Үндістан өз фермерлерінің жерді иеленуін шектеп қана қоймайды, сондай-ақ, шетелдіктердің жеке меншігіне беруге де барын салып тосқауыл қойып келеді. Қазақстанның үндістандық фермерлерге жер беру туралы ұсынысын алғаш естігенде үндістандық билік иелері қатты таңқалған екен. Қазір Үндістанның барлық билік салаларында осы мәселе қызу талқыланып жатыр. Ал Қазақстанда бұл мәселеге ешкім көңіл бөлмей отыр. Ал, қоғамның назары бұған ауғанда тым кеш қалып жүрмесек игі» деп аяқтаған мақаласын.
Түйін:  Демек, «Жер кодексінде» шетелдіктерге жерге иелік ету құқығын беретін арнайы бап болмаса да, былтырдан бері Қазақстанның бос жатқан егістік жерлерін Қытай мен үнді фермерлеріне жалға беріп, заңды тұлға ретінде тіркелгеннен кейін, жерге толық иелік етуіне мүмкіндік беретін арнайы заңдық құжат қабылданған болып отыр. Бірақ, биліктің ресми өкілі Арман Евниев біресе оны жоққа шығарады, екінші сөзінде қайта растайды. Яғни, Қазақстанның стратегиялық маңызы бар обьектілерінің – жер қойнауындағы байлықтардың барлығы сатылып кеткенімен қоймай, ата-бабамыздан қалған аманат – жер де жаттың қолына оңай өтіп кетуі бек мүмкін.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395